Атырау, 19 желтоқсан 23:18
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Мойындалған дағдарыстың “жүйелі" екені айтылды». «Сирия соғысы: жеңімпаз кім?!». «Парламент сайлауы қашан өтеді? Саяси додаға қатысушылар қандай тұжырымдамаларды ту етіп ұстамақ?». «Анкарадағы қантөгісті кімдер ұйымдастырды?».

2 018 просмотра

AZATTYQ. ORG «Назарбаевтың жиені ҚФФ-ны басқару ниетін өзгертпеген» - Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) президентін «мүдделер қайшылығына» қатысты айыптаған Айсұлтан Назарбаев федерация басшысы сайлауын ерте өткізуді талап етеді. ҚФФ бұл айыпты терістейді.

«Мойындалған дағдарыстың “жүйелі" екені айтылды» - Қазақстандағы дағдарысқа қарсы шараның бірі ретінде жекешелендіру аталды. Жекешелендіруді ұсыныс ретінде оң бағалағанымен, сарапшылар оның ойдағыдай жүзеге асарына күмәнмен қарайды.

QAZAQUNI.KZ «Сирия соғысы: жеңімпаз кім?!» - Сириядағы Ресей әскери ұшақтары соңғы тәулікте 64 мәрте көкке көтеріліп, 55 нысанаға соққы берген.

ABAI.KZ. «Дүние не болып барады?..» - ...Шын мәнісінде жоғарыда не болып жатқанын мен түсінбедім...

QAMSHY.KZ «Жекешелендірудің екінші толқыны басталды. Бұл мемлекет есебінен құлқын тойғызудың тағы бір жолы емес пе?» - Мемлекеттік деңгейде тағы бір жаппай жекешелендіру өтетіні туралы Президент осы жылдың сәуір айында отандық кәсіпкерлермен кездесуінде жария етті.

«Ресейдің Сириядағы әскери операциясы көзбояушылық емес пе?» - 30 қыркүйек күні Ресей Сирия басшысы Башар Асадпен соғысып жатқан лаңкестерге қарсы әуе соққыларын бастады.

«Бала қылмыскерлер қайдан шығады?» - Айналдырған бір-екі жыл ішінде ғана оқушылардың агрессиясы мөлшерінен асып бара жатқандығы анық байқалып келеді. Бір-бірін қорлау, одан қалса соғу, тіпті өлтіруге дейін баруда.

«Парламент сайлауы қашан өтеді? Саяси додаға қатысушылар қандай тұжырымдамаларды ту етіп ұстамақ?» - Ресми билік тарапынан елдегі кезекті Парламент сайлауы туралы нақты мәлімдемемелер болмағанымен, саясаттанушылар мен былайғы жұртшылық кезектен тыс сайлаудың өтуін жоққа шығармайды.

«Батырхан Шүкеновтың отбасы далада қалды» - Марқұм әншінің артынан қалған жары мен ұлы үйсіз-күйсіз күн кешіп жүргені туралы Батырханның жақын досы, жорналшы Отар Кушанашвили prozvezd.info порталына мәлімдеген.

SHYN.KZ «Анкарадағы қантөгісті кімдер ұйымдастырды?» - Анкарадағы терактіні кімдер ұйымдастыруы мүмкін? Түрлі нұсқалар айтылып жатыр.

20 қазан 2015, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.