Атырау, 19 желтоқсан 22:39
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақстанда жұмыстан қысқарту үш есе көбейген». «"Күмбезбен" қалқалаған соң, шекараны да қорғауды ұсынды». «Айсұлтан Назарбаев: Менің бағдарламамнан есеңгіреп қаласыздар». «"Батьканың" мұрагері». «Қазаққа Қанат керек пе?».

1 821 просмотра

AZATTYQ. ORG «Қазақстанда жұмыстан қысқарту үш есе көбейген» - 2015 жылдың үш тоқсанында жұмыстан қысқарған азаматтар саны былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда үш есе көп.

«"Күмбезбен" қалқалаған соң, шекараны да қорғауды ұсынды» - Қазақстанға келген Ресей президенті Владимир Путин «ТМД елдерінің біріккен шекара күштерін» құруды ұсынды. Қазан айында Қазақстан-Ресей әскери ынтымақтастығы ұлғайды, мұның астарында қатер жатуы мүмкін бе?

«Головкин әлемдік рекордын тағы жаңғыртты» - Нью-Йорктегі жекпе-жекте канадалық Давид Лемьені жеңген қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин қатарынан 21-кездесуді нокаутпен ұтып, жаңа әлемдік рекорд орнатты.

ABAI.KZ. «"Батьканың" мұрагері» - Жақында экономикалық одағымызға мүше тағы бір мемлекет - Белорусияда кезекті ретпрезидент сайлауы өтіп, нәтижесінде елдің қазіргі президенті Александр (Батька) Лукашенко мырза айқын басымдықпен жеңіске жеткені туралы бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған болатын.

NUR.KZ «Айсұлтан Назарбаев: Менің бағдарламамнан есеңгіреп қаласыздар» - Қазақстанда футболдың дамуына барлық жағдай бар деп мәлімдеді өзінің алғашқы баспасөз жиынында Айсұлтан Назарбаев.

«Қыз алып қашу: Қазақстанда алып қашудың құрбанына айналған бойжеткендердің тағдыры қандай?» - Қыз алып қашу елімізде әлі күнге дейін көрініс тауып келе жатқан дәстүр. Желіде тұрақты түрде бойжеткенді күштеп алып қашып жатқан видеолар пайда болып жатады.

ULT.KZ «Қазаққа Қанат керек пе?» - Есімі әлемге әйгілі, әрі бренд болып кеткен отандасымыз Геннадий Головкин кеше ғана тағы да елін марқайтып тастады.

19 қазан 2015, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.