Атырау, 29 қараша 03:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«Саринский рыбак» кемесін шығару

1 660 просмотра

Image 0Жайықтың сағасында 14 жыл бұрын батып кеткен әзірбайжандық кәсіпшілік-көліктік кемені шығару бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Атырау облыстық табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры Қайрат ӨТЕУЛИЕВТІҢ ақпараты бойынша, Әзірбайжанға тиесілі «Саринский рыбак» 2011 жылдың қарашасында батып кеткен. «Атырау Балықтың» балық өнімдері тиелген кеме ауа температурасының күр төмендеуінен мұзда қалып қойып, нәтижесінде Жайық-Каспий каналының, шамамен, 50-шақырымында батып кеткен болатын.

2012 жылы кеме иесіз деп танылды. 2015 жылдың наурызында Жайық-Каспий бассейнінде батып кеткен кемелерді зерттеу жұмыстары жүріп, «Саринский рыбак» тақырыбы көп талқыға түсті, себебі, кеме теңіздің тамағында тұр және балықтардың уылдырық шашуына едәуір кедергі келтіреді. Тамызда «Атырау Су жолдары кәсіпорны» тендер өткізіп, онда кемені су бетіне шығару жұмыстарын 305 млн теңгеге бағалаған ресейлік «ТюменьСудоКомплект» компаниясы жеңіске жетті.

Қазіргі таңда кемені көтеру жұмыстары қарқынды жүруде, жұмыстар осы аптаның соңында аяқталады деп жоспарлануда. Кейін кемені Атырауға жеткізіп, кәдеге жаратады.

Айта кетейік, Жайық түбінде және оның сағасында түрлі бағыттағы тағы алты кеме бар: №6 жүзбелі уылдырық зауыты, «Краб» тақта тас астындағы су тазалау станциясы, №443 дебаркадер, көлік қабылдау кемесі, «Ақтау» көлік қабылдау кемесі және Индер ауданының Бөдене ауылындағы өздігінен жүрмейтін жүзбелі насосты станция. Ал, ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің ақпаратына сәйкес, Каспий акваториясы және жағалау белдігінде 80-нен астам батып кеткен және иесіз қалған кеме, сонымен қатар жалпы салмағы 54 мың тоннадан асатын түрлі металл құрылымдар бар. Шамамен, бұл кемелердің 60 пайызының бортында мұнай өнімдері, өндіріс қалдықтары және тұрмыстық қалдықтар бар. Бұның бәрі кемелердің жүруі мен уылдырық шашуға ғана емес, судың гидрохимиялық құрамына да қауіп төндіруде.

Анастасия ПАСТУХОВА

15 қазан 2015, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.