Атырау, 19 желтоқсан 23:28
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Нарымбаев пен Мәмбетәлин ісінде “аты жоқ адам" да айтылды». «Ресей мен АҚШ-тың арасында шын мәнінде серіктестік байланыс бар». «Ресейлік дағдарыс ұзаққа созылады». «Бопсалауға қатысты сот ақиқатты аша ала ма?».

1 577 просмотра

AZATTYQ. ORG «Нарымбаев пен Мәмбетәлин неге қамалды?» - AzattyqLIVE хабарында азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбетәлиннің қамалуына байланысты талқылау өтіп жатыр. Хабар қонақтары - Еркін Рақышев пен Әміржан Қосанов.

«Нарымбаев пен Мәмбетәлин ісінде “аты жоқ адам" да айтылды» - Полиция Нарымбаев пен Мәмбетәлиннің «араздықты қоздыратын хабар таратқаны үшін» қамалғанын хабарлады. Кеше оларға шара қолдануды сұраған екі ұйым «белсенділерді қаматуды ойлаған жоқпыз» деседі.

«МН17 апаты есебі: кей сауалға жауап жоқ» - Қазанның 13-і күні Нидерланд мамандары Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing ұшағының 2014 жылы шілдеде Украинаның шығысында апатқа ұшырау себебіне қатысты түпкілікті ресми есебін жариялады.

«Сотталған полицейлер “азаптағандарын" мойындамады» - Тергеу кезінде азаптауға ұшыраған Николай Синявин мүгедек болып қалды. Оны азаптады деп сотталған полицейлер апелляциялық шағым түсірді. Синявинді құқық қорғаушы ұйым жалдаған адвокат қорғады.

ALASHAINASY.KZ «Содырлар Ресей мен АҚШ-қа жиһад жариялады» - ДАИШ "орыс пен америкалық кресшілерге" қасиетті соғыс ашатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.Ru.

QAMSHY.KZ «Ресейлік дағдарыс ұзаққа созылады» - РФ халқының 80 пайызы мемлекетте экономикалық дағдарыс орын алғанына сенімді болса, оның жақын арада соңын табатынына күмәнмен қарайды. «Қамшы» порталы «Левада-Центр» орталығына сілтеме жасай отырып, жүргізген сауалнама нәтижесін беруді ұйғарып отыр.

«Ресей мен АҚШ-тың арасында шын мәнінде серіктестік байланыс бар» - «Исламдық мемлекет» экстремистік тобы өз жақтастарын Ресей мен АҚШ-қа қарсы «қасиетті соғысқа» шақырды. Бұл туралы «Қамшы» порталы bbc.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

JAQSY.KZ «Қазақстан шетелдік баспасөз бетінде» - Қазақстандық status quo-да орыс тілді ақпарат басым орынға ие.

«Күрд мәселесі шешілмей, бізде бейбітшілік болмайды» - Оншақты күн бұрын Сириядағы қырғынға Ресей араласып, әлем мұның немен аяқталарын талқылап жатқан.

ZHASALASH.KZ. «Франция Әблязовтi Ресейге экстрадициялауға келiсiм бердi» - Франция БТА банкiнiң директорлар кеңесiнiң бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтi Ресейге экстрадициялауға келiсiм бердi.

«Бопсалауға қатысты сот ақиқатты аша ала ма?» - Павлодарда облыс әкiмi Қанат Бозымбаевтан iрi көлемде (500 мың АҚШ доллары) ақша бопсалады деген айыппен тұтқындалған қалалық “Версия" апталығының редакторы Ярослав Голышкин, мемлекеттiк қызметкер Асқар Бахралинов, бұрынғы полиция қызметкерi Фарид Алиясов, кәсiпкер Нұржан Сүлейменовтерге қатысты сот процесi жүрiп жатыр.

14 қазан 2015, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.