AZATTYQ. ORG «Түркіменстан бейтарап саясатын өзгерте ме?» - Түркіменстан билігі 20 жылдан бері БҰҰ-дағы «бейтарап ел» мәртебесін қолданып, әлемнен оқшауланумен келеді. Бірақ соңғы айларда Түркіменстанның бұл саясатын өзгертуді талап ететін оқиғалар болды.
«Техастағы қазақ мектебі» - «Балаларымыз ана тілін ұмытып қалмасын деп жексенбілік мектеп аштық» дейді Хьюстондағы қазақтар.
«Әблязовтың экстрадициясы. Қайта шағымдану» - Оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадициялауды Франция үкіметі қолдап отыр. Оның адвокаттары әлі шағымдануға мүмкіндік бар екенін айтады.
ABAI.KZ. «Гүлен жау болса, Ердоған кім?» - Түркиялық журналист Ферми Кору «Нокта» журналына берген сұхбатындағы «Фетуллах Гүленнің Нобель жүлдесінен де әлдеқайда ауқымды жүлдеге лайық екеніне сенімдімін» деген сөздері халық арасында кең талқылануда.
ZHASALASH.KZ. «Шындықты бүгiн олар шырылдатса, ертең шындық оларды шырылдатады» - Сәрсенбiнiң сәтiнде, яғни 7-қазан күнi Ғаббас Қабышұлының үйiне телефон шалып едiм, телефон тұтқасын жазушы ағамыздың өзi алып, сәлемiмдi жылы қабылдап, жылы сөйлестi.
«Тозған Түркияны топтанған жау қаумалады» - Өткен сенбiде Анкарадағы темiржол вокзалының маңында екi мәрте жойқын жарылыс болды.
«Жұмсақ орындықтың жыры немесе “уят барбы" мен “ұят қайданың" арасындағы алшақтық» - Депутат мырзаларды неге “ұйқы қысып" жүретiнi ендi белгiлi бола бастағандай.
«Бесiншi президент тұңғыш президентпен жолықты» - Украина президентi Петр Порошенконың Қазақстанға алғашқы ресми сапарынан қазақстандық ақпарат құралдарының басым бөлiгi үзiп-жұлып жұтаң ақпарат берумен шектелдi.
«"Еуропаның соңғы диктаторы" таққа қайта қонды» - Жексенбi күнi Беларусьта өткен президент сайлауына дауыс берушiлердiң 87 пайызы қатысты.