Атырау, 13 мамыр 15:44
 ашықВ Атырау +23
$ 513.74
€ 569.17
₽ 6.33

Қазақстанда ЖЖМ бағасын өзгертуге алғышарттар жоқ, деп санайды энергомині

1 142 просмотра

Алматы. 7 қазан. ҚазТАГ - Данияр Дәуітәлиев. Қазақстанда ЖЖМ бағасын өзгертуге алғышарттар жоқ, деп санайды ҚР энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев.

«Біз бүгінгі таңда ЖЖМ бағасын өзгертуге алғышарттар жоқ деп санаймыз. Бірінші кезекте біз, халықаралық бағаның белгіленуіне қараймыз. Оның үстіне біз 30% импортқа тәуелдіміз, яғни мұнай өнімдерін импорттайтын елдерге тәуелдіміз», - деді М.Мырзағалиев журналистерге сәрсенбіде.

Оның пікірінше, АИ-92 маркалі бензин бағасын мемлекеттік реттеуден бас тарту тапшылық қаупінен құтылуға мүмкіндік беретін уақытылы қабылданған шара.

«Қазір бізде тапшылық қаупі жоқ», - деді ол.

Дереккөз: ҚазТАГ

8 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.