Атырау, 19 желтоқсан 19:38
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Сириядағы соғыс мұнай нарығына қалай әсер етеді?». «Министр берген уәделер неге орындалмайды?». «БҰҰ штаб-пәтерінің Астанаға көшірілуі ғажап емес». «Ресейдің Сириядағы соғысына Қазақстан қатыса ма?». «Карлагты ұмытуға да, кешіруге де болмайды».

1 838 просмотра

QAZAQUNI.KZ «Министр берген уәделер неге орындалмайды?» - Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов өз қызметіне тағайындалысымен-ақ: «3-4 жыл көлемінде қазақстандық білім және ғылым жүйесін құрылымды әрі мазмұнды түрде өзгертіп, оны озық дамушы елдер деңгейіне жеткізуге тырысатын боламын» деген еді.

«Бай қаланың бай әкімі» - Жақында ғана Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалған Бауыржан Байбектің жеке меншігіне нелер тиесілі екенін «total.kz» сайты есептеп шығыпты.

«БҰҰ штаб-пәтерінің Астанаға көшірілуі ғажап емес» - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Нью-Йоркке БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-сессиясының жұмысына қатысқан сапарын ел қазір аңыз қылып айтып жүр.

«Карлагты ұмытуға да, кешіруге де болмайды» - Санкт-Петербург қаласында өткен «ПитерФото-Fest-2015» фотофестивалінде қарағандылық «Болашақ» университетінің Карлаг тарихына арналған кітаптары таныстырылды.

ALASHAINASY.KZ «Сириядағы соғыс мұнай нарығына қалай әсер етеді?» - Өткен аптаның ортасында әлемдік нарықтағы мұнай бағасы бұрынғы деңгейінен өскен болатын. Көптеген сарапшылар мұны РФ Қарулы күштерінің Сирия территориясында әскери операциялар жүргізуімен тікелей байланыстырады.

ABAI.KZ. «Путинге қыршыннан қиылған 300 бүлдіршін лағнет айтады» - Ресей мемлекеті Сирияның басшысы Башар Асадтың билігін сақтап қалу үшін барын салып, бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндерді қырып тастады.

QAMSHY.KZ «Ресейдің Сириядағы соғысына Қазақстан қатыса ма?» - Қазір бүкіләлемдік БАҚ-тың назары Ресей мен ИМ, немесе Ресей мен Сирия оппозициясы арасындағы соғыста екені айтпаса да түсінікті. РФ әуе қарулы күштері Сирияның бірнеше аудандарын (Кама, Хомса) әуеден бомбалағаны белгілі.

«Башар әл-Асад әлемдік саясат сахнасына қалай шықты?» - Офтальмологиядан президенттікке, мейірімділіктен жауыздыққа бір-ақ қадам

«Германия канцлері Ангела Меркель бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алуы мүмкін» - Бейбітшілік саласындағыНобель сыйлығын әлем саясаткерлерінің ішінде Германия канцлері Ангела Меркельдің алу мүмкіндігі мол, деп жазады шетелдікбұқаралық ақпарат құралдары.


6 қазан 2015, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.