ABAI.KZ. «Қазақ мемлекеттігіне төнген - үш қатер» - Келер жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Қазіргі ағынды заманда ширек ғасыр аз уақыт емес.
«Байлар да жылайды: ұлттық буржуазия жыры» - Тәуелсіздік алғалы қазақ даласында мыңғырған мал айдаған байлар көбейді.
«Сәуле кім, Бықыбаев кім?» - Жамбыл облыстық филармониясының директоры, әйгілі әнші, дәстүрлі өнердің бүгінгі көшбасшысы Сәуле Жанпейісованы жергілікті бишікештер еңбек демалысында жүрген жерінде жұмыстан босатып жіберді.
«Маңғыстаудың "мә-мә" мафиясы» - Мафия ұйықтамайды екен. Әсіресе Маңғыстау мафиясы..!
ULT.KZ «Қазақтардың ерте неке қию дәстүрі» - Ерте неке қию дәстүрі моральды этиканы, қоғам заңдарын сақтау, өнегелі тазалық пен үлкендерге құрметті сақтаудан көрініс табатын тәрбиелік сипаты да болды.
«Теріс ағымдардың арбауына неге түсеміз?» - Осы «Неге?» төңірегінде пікір алысуға шақырамын. Өйткені, мәселе діни сауатсыздықта ғана емес…
JASQAZAQ.KZ. «Қандыағаштан кеткен қыз Гүлбанудың Сириядағы сергелдеңі» - Сырт көзге Қандыағаш шағын қала көрінеді. Тұрғындары беймарал. Әрқайсысы өз әл-дәрменінше нанын тауып, бала-шағасын өсіріп отыр. Атынан адам қорқатын бір кезде. Жастары аудан-ауданға бөлініп, өзара есеп айырысып жататын.
QAMSHY.KZ «Владимир Чижов: “Бұл үшінші дүниежүзілік соғыс емес"» - Ресейдің Сириядағы әскери операциясы қарқынды түрде белең алуыменғана емес, өзінің мақсаттарыменде таңқалдыруда. Жауабы жоқ көптеген сұрақтарға ЕО-дағы Ресей өкілі Владимир Чижов жауап берді.
«Сириядағы әуесоққыларға ресейліктердің ойы қандай?» - Ресей Президенті Владимир Путиннің Сирияға әуе шабуылын жасау туралы шешімі біразды таңқалдырған болатын.
NUR.KZ «Құндыздың құлауы бүкіл Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін» - Ауғанстан армиясы Құндыз қаласының көп бөлігіне қайта бақылау орнатқанымен, ондағы шабуыл салдары бүкіл Орталық Азияға әсер етуі мүмкін деп болжайды сарапшылар.
«Бердібек Сапарбаев екі полиция қызметкерін өлімнен арашалап қалды» - Cапарбаев екі бірдей полицияны өлімнен арашалады.
AZATTYQ. ORG «Белсенділер ҮЕҰ туралы заң жобасына тыйым салуды сұрайды» - Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жолданған үндеуге қол қойған 50-ден аса үкіметтік емес ұйым ҮЕҰ туралы заң жобасына қол қоймауды және оны конституциялық кеңес сараптамасына жіберуді талап етеді.
«ИМ әйелдері жанкешті бола ала ма?» - ИМ тобы жуырда жариялаған трактатында әйелдердің «жихадқа» қандай жағдайда және қалай қатыса алатынын түсіндірген.
«Ресейдің Сириядағы әрекетіне қазақстандық көзқарас» - НАТО Ресейдің Сириядағы әуе соққысына қатысты алаңдайды. Кейбір қазақстандық сарапшылар Ресей НАТО-ның оңтүстік шекарасындағы өз позициясын нығайтып жатыр деп болжайды. Өзге сарапшылар Ресейдің Сириядағы соққысының негізгі мақсаты басқа деп есептейді.