Атырау, 19 желтоқсан 19:56
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«ЕҚЫҰ Астанадан сайттарды бұғаттан босатуды сұрайды». «Біз АҚШ-ты қалай қуып жете жаздадық?». «Қазақстандық сарапшылар Ресейдің Сирияға соққы жасауына қатысты пікір білдірді». «Азаматтардың кірісін жаппай декларациялаудан мән іздеді».

2 114 просмотра

AZATTYQ. ORG «Сотта Надежда Савченко тұтқынға қалай түскенін баяндап берді» - Ресей сотында ісі тергеліп жатқан украиналық әскери қызметкер Надежда Савченко тұтқынға қалай түскенін баяндап берді.

«ЕҚЫҰ Астанадан сайттарды бұғаттан босатуды сұрайды» - ЕҚЫҰ Adam журналы, Nakanune.kz, Ratel.kz және Zonakz.net сайттарына қатысты соңғы жайттарға алаңдайды. Журналистер мақалаларын әлеуметтік желілерде жариялап жатыр, бірақ енді бұл платформаға да қауіп төнген.

«Азаматтардың кірісін жаппай декларациялаудан мән іздеді» - Парламент мәжілісі жеке тұлғалардың кірісі мен мүлкін декларациялау туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Қазақстанда қарапайым азаматтардың бәрі жаппай декларация тапсыратын жүйені 2020 жылға қарай іске қосу жоспарланған.

«Біз АҚШ-ты қалай қуып жете жаздадық?» - Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-да «Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 19 есе ұлғайғанын, ал халықтың жан басына шаққандағы табысы 13 мың долларға жеткенін» мәлімдеді.

ABAI.KZ. «Елімізде ресейдің қанша әскери нысаны бар?» - Бүгінде Ресейдің Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) содырларына жасаған (әлемдік БАҚ Башар Асадты қолдау үшін жасалған шабуыл деп баға беруде) әуе шабуылы әлемді дүр сілкіндіріп, геосаясаттағы басты тақырыптардың біріне айналып отыр.

«"Асыл арнаны" кім қаржыландырады?» - Қазақстандық Тotal.kz сайты «Асыл арнаны» кім қаржыландырады?» деген материал жариялады.

SKIFNEWS.KZ «Facebook жабылады ма?» - Соңғы уақытта әлеуметтік желі бетттерінде «Фейсбук жабылады» деген қауесет жиі айтыла бастады. Марк Цукерберг өнімінің қолданушыларының бірі «фейсбук жоғалса, пікір алмасатын орта керек» деп жаңа алаң іздеп жатса, өзге бір тобы желінің жабылмайтындығына нық сенім білдіреді.

«Олжас Құдайбергенов ұсынған жемқорлықпен күрестің үш әдісі» - Танымал қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов өзінің Facebook парақшасында жемқорлықпен және оның жағымсыз салдарымен күресудің тәсілдерін ұсынды.

NUR.KZ «Қазақстандық сарапшылар Ресейдің Сирияға соққы жасауына қатысты пікір білдірді» - Қазақстандық сарапшылар Ресейдің Сириядағы жауынгерлерге әуеден соққы жасауына қатысты пікір білдірді. Саясаткерлердің ойынша, Ресей оппозицияға да соққы жасайтын болады.

QAMSHY.KZ «Мәжілістегі арақ талқысы: арзан арақты қайда сататынын депутат білетін болып шықты» - ҚР Үкіметі ағымдағы айдың 7-не дейін акциздік өнімдерге қатысты қолданылатын нақты шешімдерді қабылдайды.


2 қазан 2015, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.