Атырау, 12 мамыр 23:26
 бұлттыВ Атырау +21
$ 516.01
€ 582.47
₽ 6.26

БҰҰ сессиясында Обама мен Путиннің Сирия шиеленісіне қатысты пікірі екіге жарылды

3 122 просмотра

Сириядағы қақтығыс бүгін БҰҰ мінберінен сөз алған әлем көшбасшыларының назарындағы ең негізгі тақырыптардың біріне айналды. Таяу Шығысты тыныштықтан айырып отырған дағдарысқа АҚШ пен Ресей басшыларының көзқарасы қарама-қайшы сипат алып шыға келді.

АҚШ Сирия билігінен Башар Асадты аластау қажет деп тапса, Ресей БҰҰ-ын Сирия басшысын қолдауға шақырды. БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы бүгін ұйым тарихында бұрын-соңды болмаған ірі ауқымдағы саяси пікірталаспен жалғасты.

АҚШ, Қытай, Ресей сияқты держава басшылары бастаған ұйым мүшелері мінберден жаһандық маңызға ие мәселелерге тоқталды. Ресей Президенті Владимир Путин араға 10 жыл салып сахнадан сөз алды. Путин әлем елдеріне Сириядағы жағдайға қатысты оны осындай деңгейге жеткізген әрі ондағы терроризмге жол берген кім екенін жауап беруге ой салды.

“Ресей қашанда терроризмнің барлық түрімен күресіп келеді. Қазір біз террорлық топтармен белсенді арпалысып келе жатқан Ирак пен Сирия және тағы басқа елдерге әскери-техникалық көмек көрсету үстіндеміз. Сондықтан ланкестікке қарсы тұра білген сириялық билік пен үкімет әскерінен бас тарту үлкен қателік деп білеміз", – деді Владимир Путин.

Қазір біз террорлық топтармен белсенді арпалысып келе жатқан Ирак пен Сирия және тағы басқа елдерге әскери-техникалық көмек көрсету үстіндеміз.

АҚШ Президенті Барак Обама болса, Сирия шиеленісін шешуде Американың жалғыз дәрмен танытуға шамасы жетпейтінін айтты. Елдегі тұрақтылықты қалпына келтірудегі бір ғана жол – Башар Асад билігінен бас тарту.

“АҚШ Сириядағы шиеленісті ретке келтіруде әлемнің кез келген елімен, оның ішінде Ресей және Иранмен де әріптестік орнатуға әзір. Біз осыншама қантөгістен соң әскериге дейінгі «кво-мәртебесіне» қайтіп келе алмайтынымызды түсінуіміз керек", – деді Барак Обама.

Ақ үй қожайыны сондай-ақ Конгресті Куба эмбаргосын жоюға шақырды. «Елу жылда ел жаңа» деп білген ресми Вашингтон азаттық аралымен ара-қатынасты одан сайын арттырғысы келеді.

АҚШ Сириядағы шиеленісті ретке келтіруде әлемнің кез келген елімен, оның ішінде Ресей және Иранмен де әріптестік орнатуға әзір.

Ал Нью-Йорктегі Кубаның ресми делегациясы тоқтаған қонақүйдің алды наразылық шараларынан арылар емес. Мұнда Кубаның өзінен және жергілікті жерден жаткен шерушілер екі топқа бөлініп, ұран салуда. Олардың бірі Рауль Кастро үкіметіне алғыс айтса, екіншісі қарғыс айтуда. Кубаның өзінен келген топ мемлекет басшысы Рауль Кастроға айып тағуда.

Ағайынды елдің арасы суыған жарты ғасыр жүзінде Куба билігі қаншама мыңдаған жазықсыз жандардың өліміне себепкер деп санайды мұндағылар.

Төрткүл дүниеден жеткен мемлекет және үкімет басшыларын ертең тағы бір саммит күтіп тұр. Онда АҚШ Президенті ұсынған зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күрес мәселелері талқыға салынады. Жиынға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады

Дереккөз: nur.kz

29 қыркүйек 2015, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.