AZATTYQ. ORG «Сирияға отбасымен кеткен ағайынды үш жігіт» - Тәжікстанның Кубадиен ауданында тұратын бір отбасының сегіз адамы Сирияға кеткен. Туыстары олар елге оралар деп үміттенеді.
«Назарбаев: Азаматтық қоғам дамуына жағдай жасалған» - Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ жиынында елде «азаматтық қоғам дамуына жағдай жасалғанын» мәлімдеді. Ал халықаралық ұйымдар Қазақстандағы азаматтық қоғам ахуалын сынап келеді.
«Жұртқа зейнетақының болашағы уайым» - Кейбір қарапайым азаматтар мен сарапшылар «теңге девальвациясынан соң зейнетақы қорындағы ақшамыз құнсызданып кетті» деп алаңдайды. Зейнетақы активтерін басқаратын Ұлттық банк жағдайды дұрыс түсінуге «долларланған сана» кедергі дейді.
«Орталық Азиядағы Қытайдың “Бір белдеу, бір жолы"» - Қытай президенті Си Цзиньпиннің АҚШ-қа сапары тұсында батыс баспасөзі «Орталық Азияға Пекин ықпалының күшеюі Ресей мен Үндістанның мазасына тиді» деп жазады.
«Ақорданың балалары» - ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаевтің баласы Сергей Нұртаевтың Қазақстанның Италиядағы елшісі ретінде тағайындалуы қоғамда «Қазақстан элитасы балалары кім болып жұмыс істейді?» деген сауалдың қозғалуына түрткі болды.
ULT.KZ «Хиджаб дауының астарында не жатыр?» - Біз — мұсылманбыз. Бірақ исламда түрлі ағымдар бар. Және сендер, “жасотандықтар", осы ағымдарға кірген жастарды жаман нәрселерден тежеуге тиіссіңдер.
QAMSHY.KZ «Әкім әмірші емес, менеджер болуы тиіс» - Халықтың тыныстаған ауасымен демалып көрмеген әкімнің басқарып отырған аймағының мұң-мұқтажын түсінуі мүмкін емес.
«Украиндер неліктен Қырымды қазақтарға бергісі келеді?» - Жақында украиналық «Деловая столица» басылымы Қырмға Қазақстанның да таласатын жөні бар деген мағынадағы материал жариялаған. Онда «Қырымға таласуға бірден бір құқылы мемлекет болса, ол – түріктер де емес, татарлар да емес, тіпті орыстар да емес – қазақтар» деген.
ZHASALASH.KZ. «Екiншi дүниежүзiлiк соғыс Шамнан басталады» - Ванга дейтiн бұлғарлық көрiпкел өмiрден өтер алдында (1996 жылы) Сирия туралы былай дептi: “Алдағы уақытта әлемге ежелгi ғылым келедi. “Ол жуық арада бола ма?" деп менен жиi сұрайды. Жоқ, жуықта болмайды. Сирия құлаған жоқ әлi! Сирия жеңiмпаздың табанының астында тапталады. Бiрақ жеңiмпаз ол емес!".