ZHASALASH.KZ. «Әлсiз теңге, бизнеске әлiмжеттiк және экспортқа шығарушылар жайында» - Сонымен, теңгенi еркiне жiберсе, Ұлттық банк алтын-валюта резервтерiн жұмсауды доғарады деген уәж ақталмады.
«Көп күттiрген куәгер» - Заң бiткеннiң “майын iшкен", алайда, соттың сөзiн де жүре тыңдайтын қаржы полициясының астаналық “мүйiзi қарағайдай" тергеушiсi Алексей Шевченконы айтамын.
AZATTYQ. ORG «Меккеде қаза тапқандар саны 717 адамға жетті» - Сауд Арабиясының азаматтық қорғаныс мекемесі қыркүйектің 24-і күні Мекке қаласы маңындағы Мина жазығында болған кептеліс салдарынан қаза тапқандар саны 717 адамға жеткенін хабарлады. Оқиға салдарынан жүздеген адам жараланған.
ALASHAINASY.KZ «Бұл АҚШ-тың Ресейге бет бұруы ма?» - Вашингтон қазір Ресей мен Иранды президент Башар Асадпен диалог жүргізуге дәнекер болуға шақыра отырып, Сириядағы жанжалды саяси тұрғыда шешудің келіссөз процесін бастауға барынша ынталы болып отыр. Бұл туралы «Газета.Ru» хабарлады.
ULT.KZ «Ахметжан Есімов: ЭКСПО той емес, атап өтеміз бе, жоқ па дейтіндей…» - Ұлт.kz порталы «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мырзаның «Время» газетінің журналисі Ирина Баженоваға берген сұхбатын назарларыңызға ұсынады.
ABAI.KZ. «Іс насырға шапқанда... БҰҰ бел байлайды» - Соңғы уақыттары көптеген ірі державалардың орташа дамыған шағын елдерге тізесін батыруы қайта жалғасуда.
JASQAZAQ.KZ. «Мал-мүлікті жариялау міндеттелді» - Сәрсенбі күні өткен алқалы жиында Мәжіліс депутаттары бірауыздан мақұлдаған «Еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне отандастарымызға, оралмандарға және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар азаматтарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселесі бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
QAZAQUNI.KZ «Үкімет “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін" жеке қолға сатқалы жатыр» - Баспана алу арманға айналып кететін түрі бар. Үкімет Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жекеге сатқалы жатыр.
QAMSHY.KZ «Мұсылманнан да «гей» шықты. Үйдегі балаңыздың жағдайы қалай?» - Иә, көптен бері жұртты дүрліктіріп жүрген мәселе – еркектердің екінші сортқа айналып бара жатқандығы. Әлем мемлекеттерінің күн тәртібіндегі кезек күттірмес мәселе дәл осы – біржыныстылардың құқықтарын заңмен реттеу болып қалғаны да ақиқат.