AZATTYQ. ORG «Өзбек жанкештісінің соңғы сәті» - Интернетте Сирияның Идлиб облысындағы «Имам Бухари» жасағы қатысқан шайқастар түсірілген видео жарияланды. Видеода 17-20 жас шамасындағы ұлты өзбек жігіттің қорқыныштан жылаған сәті бар. «Жафар әл Таййар» есімді ол жігіттің бомбаға толы БТР-мен бірге өзін жарып жібергені хабарланады.
ULT.KZ «Үш ноян. Елбасының сенімі ақтала ма?» - Әңгіменің ашығын айтайық. Бүгінде бүкіл БАҚ өкілдері біртұтас елді екіге бөліп қойып, қызығы мен шыжығын бақылап, жаңалықты қолдан жасап, өздерінің қазанында өздері қайнап мәз.
QAMSHY.KZ «Билік қазақстандықтардың табысына шүйлікті. Табысыңыз туралы есеп беруге дайынсыз ба?» - Жоғарғы билік қазақстандықтардың табысына шүйлікті. Енді екі мәрте есеп бересіңдер дейді.
ZHASALASH.KZ. «Дағдарыста кiмге қол жаярсың?» - “Қазақстан фермерлер" одағының жетекшiсi Әуезхан Даринов “Жас Алаш" тiлшiсiне берген сұхбатында (2005 ж, наурыз) ауыл шаруашылығымен айналысатын құрылымдар өз саяси партиясын құрмақ ниетi бар екенiн айтқан едi
«Еркiне жiберсе де, амалсыздан араласты» - Өткен сәрсенбi күнi 300 теңгеге дейiн шарықтап кеткен доллар бағамын бұрынғы қалпына түсiру үшiн Ұлттық банк интервенция жүргiзiп, жарты миллиардқа жуық доллар жұмсады.
«Мұрагерлiк үшiн шайқас болса да ...» - Елiмiзде ресейлiк ақпарат құралдары үстемдiк ететiнi бәрiмiзге аян. Апта сайын, “Комсомольская правда" деген қып-қызыл путиндiк басылым күн сайын, баспадан шығып, қаншама халықты ресейлiк идеологиямен улап жатыр.
NAMYS.KZ «Сұңқар – саудияға, ителгі – имератқа кетті» - Бұл мақаланы оқып отырған жан «тоналып жатқан қай жұрт» деп елең ете қалары бесенеден белгілі. Әрине, ол өз еліміз, өз Қазақстанымыз! Мұнайдан мырышқа дейінгіні айтпай-ақ қояйын, төбедегі тірі нәрсемізге дейін ұрлап қоймады-ау бұлар.