Атырау, 29 қараша 01:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Күн, жел және... қоқыстан қуат алайық

2 920 просмотра

Image 0Лондонда өткен халықаралық байқауда қаламыздың тұрғыны Мұхтар ҚОШҚАРБАЕВ қалпына келетін қуат көзі бойынша жобасымен жүлделі екінші орын алды.

«Астана-2017» ұлттық компаниясының және Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасының елшілігінің қолдауымен ҚазАльянс ұйымдастырған шетелдік университеттер студенттері мен түлектері арасындағы Sustain the Future/ «Болашақты қорғау» халықаралық байқауы 10 қыркүйекте Лондонда өтті.

EXPO-2017 көрмесіне дайындық аясында өткізілген байқау жасыл технология, баламалы және қалпына келетін қуат көздері саласында болашағы бар жобаларды анықтады. Байқау шарттары ішінде іріктеліп алынған жобаларды EXPO-2017 көрмесі сайтына қойып, алға қарай оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігін тудыру болды.

- Шын мәнінде мен Лондонда болған жоқпын, басқа байқауға қатысулардан айырмашылығым, өз жобамды скайп бойынша таныстырдым,- дейді Колледж Дублин Университетінің «Тұрақты энергетика және Жасыл технологиялар» магистратурасының (Ирландия) түлегі Мұхтар. – Байқауда халықаралық әділ қазылар жақсы баға берген, алдын-ала іріктелген жобалар көрсетілді. Қазылар құрамына Ұлыбританияның жетекші университеттерінің оқытушылары, қалпына келетін қуат көздері саласында жұмыс жасайтын халықаралық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы ҚР Елшілігінің өкілдері кірді. Жобалар келесі критерилер бойынша бағаланды: экологиялық тазалығы, техникалық тұрғыда жүзеге асыруға болатындығы, жаңашылдығы мен баяндау анықтығы.

- Сіздің жобаңыздың идеясы қандай?

- Мен байқауға өзімнің «Атырау қаласындағы орталықтандырылмаған қалпына келетін қуат көзі паркінен жақын маңдағы елді мекендерді электрификациялау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысымнан қысқаша шолу ұсындым. Жоба күн, жел және Атырау қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы (ҚТҚ) энергетикалық парк базасында жағылған қоқыстың қалпына келетін қуат көздерін интеграциялау мүмкіндігіне техникалық талдау жасаудан тұрды. Осы идеяны жүзеге асыру жақын маңдағы елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді.

Мен ұсынған гибридті жүйе қазіргі ҚТҚ полигонында орналасады. Әртүрлі гибридті жүйелерде үн және жел қуатының тұрақсыздығы негізінен аккумулятор батареяларымен және резервтегі дизельді генератормен бір қалыпта ұсталады. Ал менің жобамның бұлардан айырмашылығы, менің гибридті жүйем дизельдік генераторды кешенді газдандандырудың құрамаланған циклі қондырғысына (IGCC) ауыстыру арқылы 100% қалпына келетін электр қуатын шығарады, ал дизельдік отын ҚТҚ-ға, қарапайым тілмен айтқанда қоқысқа ауыстырлады. (IGCC) – арнайы дайындалған қоқыс (RDF) газдандырылып, алынған сингаз тиісінше тазаланып, газ турбиналық қондырғыда отын ретінде пайдалынылады, ал газ турбинасынан бөлінген жылу бу өндіруге жаратып, оны кейін бу трубинасына қосымша электр қуатын шығаруға бағыттайды. Менің гибридті қондырғым өндірететін электр қуаты көлемін бағалау және модельдеу үшін мен НОMERарнайы бағдарламасын қолдандым. Бағалау нәтижелері жүйені белгілі бір конфигурациялағанда, күн сайын жиналатын ҚТҚ мөлшерін есептегенде, гибридті жүйе 2 200 отбасын 100% қалпына келетін электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

- Өз жобаңызда қандай деректерді қолдандыңыз?

- Менің зерттеулерім кезінде Атырау қаласына тән желдің әлеуеті мен күннің инсоляциясы, сондай-ақ ҚТҚ-ның морфологиялық анализі мен оның мөлшері бойынша шынайы да нақты деректерді алу ең қиыны болды. Қажетті ақпараттарды жинауда маған қалалық ТКШ бөлімі басшысы Марат ҚАРАМАЛАЕВ пен Атырау облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ақылбек БАЙШАХАНОВ көп көмектесті. ҚТҚ полигоны бойынша керекті мәліметтердің барлығын «Арнайыавтобаза» КМК директоры Мұратбек МАХАНОВ ұсынды.

- Жобаңызды іс жүзінде қолдану қандай пайда әкелуі мүмкін?

- Келесідей артықшылықтары бар: қоршаған ортаны ластауды азайту; парниктік газдар лақтырындыларын қысқарту – парниктік газ лақтырындыларын азайту бойынша ішкі жоба ретінде пайдалануға болады; халық пен бизнеске арналған жасыл/қалпына келетін қуат көзін өндіру; қоқысты түрлері бойынша іріктеп жинау бойынша бағдарламаны іске қосу.

- «Жасыл энергетика» шикізаттық мемлекетте балама бола ала ма?

- Мен қалпына келетін қуат көздерін мұнай мен газдың баламасы етіп қарамау керек деп айтқым келеді. Қалпына келетін қуат көздерінің қазба көмірсутегілермен толыққанды бәсекелесе алатын жері – бұл электр қуатын өндіру.

Күн мен жел сияқты біздің қалпына келетін қуат көздерінің әлеуеті үлкен. Мысалы, Қазақстанда желдің жиынтық жылдық қуат әлеуеті 1,8 трлн кВт/с деңгейінде бағаланады. Қазақстандағы күн сәулесінің ұзақтығы 2200-ден 3000 сағат аралығында, жылдық күн иррадиациясы 1,300-1,800 кВтч/кв.м шегінде. Қазақстанда технологияның қазіргі даму деңгейінде әлеуетті күн қуатын алу жылына 2,5 млрд кВт/с көлемінде бағаланып отыр. Сонымен қатар, Қатар Қазақстан Ресей мен Қытайдың арасында орналасқандығынан өте тиімді географиялық жағдайға ие. Ресей бізге қуат көзіне айналдырылатын ең үлкен биомасса жеткізуші бола алса, ал Қытай – бұл әлемдік өндірістік алаң, яғни, Қытай біз үшін 100%-дық жасыл электр қуатын тұтынушы басты ел бола алады. Әсірелеп айтқандай көрінгенмен, Қазақстан өзінің орасан 2,7 млн шаршы км аумағы мен бір шаршы метрге 6 адам тығыздығымен ғаламдық энергетикалық хаб сияқты мега жобаны ұйымдастыратын алаңға айнала алады, әлеуеті де жеткілікті. Расымен де құдай Қазақстанға бар мейірін төккен – 100%-дық жасыл электр қуатын өндіретін еуразиялық орталық, сондай-ақ, Қытай немесе Үндістан өнеркәсіптерінің кейбір салаларына сенімді жеткізуші бола аларлықтай бізде бәрі бар. Айтпақшы, осындай жобаларды, тек ішкі қолданыс үшін, қазір Еуроодақ та қарастырып жатыр, олар Испания және Италия сияқты оңтүстік елдердің күн энергиясын, аралда және түбекте орналасқан мемлекеттердің жел энергиясын, сондай-ақ Еуропаның барлық елдерінде бар биомассалар (соның ішінде ауыл шаруашылығы қалдықтары) энергиясын біріктіргісі келеді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

21 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.