ZHASALASH.KZ. «"Сүтi сорғалаған" айтыс және “ауысқан сөз" туралы әңгiме» - Өткен аптада қазақ басшысы бiраз жер шолып қайтты. Ресейге өтiп, Сочиде ат суытқаннан кейiн Астанаға келiп “жатып алмай", Атырауға да соқты. Бiр қызығы, президенттiң осы үш-төрт күндiк сапарын қағазға түсiргiсi келген тәуелсiз журналистер сан түрлi мәселенi бiр тақырыпқа топтастыра алмай дiлгiрдi.
«"БТР" түскен жерiне ауыр...» - Теңiзге батып кеткен төрт жауынгердiң обалы кiмге?
«Қилы-қилы куәгер...» - Экс-премьер Серiк Ахметов пен оның “сыбайластарына"» - қатысты, қалың қазақ көз тiккен қылмыстық iстi қарап жатқан Қарағанды облысының қылмыстық iстер жөнiндегi ауданаралық мамандандырылған сотында талай куәгер тергелдi, әлi тергелiп те жатыр.
ABAI.KZ. «Шенеунік қайтсе есерлік жасамайды?» - ...Астанадағы «Сарыарқа» сауда орталығының кинотеатрында тағы бір тамағы тоқ, көйлегі көк бала – Премьер-Министр Кеңсесінің бас инспекторы Болат ТУРАКЕЛДИЕВтің ұлы – Қуаныш Болатұлы Туракелдиев 21 жастағы қазақтың жас қызының ішінен теуіп құлатып, көргенсіздік жасады...
«Шетте оқыған жастардан қайыр бар ма?» - «Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім» дейді хакім Абай. Заман өзгерді, біз қазір жеткіншектерімізді медресеге емес, шетел асырып, әлемнің озық оқу орындарында оқытатын болдық.
«Мәскеуліктер “Путин кетсін" деп ұрандатып жатыр» - Мәскеудің мыңдаған тұрғыны «Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен оның үкіметі отставкаға кетсін» деп ұрандатып, көшеге шықты.
AZATTYQ. ORG «Саясаттағы ескерту мен ақталу» - «Патриоттығы кемшін» шымкенттік депутатты «Нұр Отан» партиясынан шығару мен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арандатушыларды «заңды түрде әкесін танытып тұрып жазалау» туралы ескертуі қоғамда ақталу туралы тезистерге түрткі болды.
«Өзбек билігі мен имамдары тойдағы вальске наразы» - Өзбек билігі жас жұбайлардың тойда вальс билеп, қонақтарға клип пен Love Story слайд-шоуын көрсетуге қарсы. Олар «бұл дәстүрге қайшы» дейді. Имамдар да оның «шариғатқа келмейтінін» уағыздауға көшті.