19 қыркүйекте Атырау облыстық ауруханасында еуропалық хирургия профессоры Алмантас МАЛЯЦКАС асқазанды кішірейту операциясын жасады.
ӘЗІЛКЕШ ШЕБЕР
Профессор Маляцкас медицина әлемінде бариатрикалық, эндоскопиялық хирург болып табылады. Швеция, Франция, Испания, Араб Әмірлігі сияқты елдерге дәріс беріп, ота жасау үшін үнемі барады. 21 қыркүйектен бастап ол Астанада бариатрикалық хирургия бойынша шеберлік дәрістерін өткізіп, операция жасайды.
Биыл облыстық ауруханада асқазанның көлемін кішірейту арқылы дене салмағын төмендетуге бағытталған операциялар жасайтын бариатриялық хирургия әдісі енгізіліп жатыр. Көктемде облыстық аурухананың хирургы Аманжол ДҮСІПОВ Еуропада тәжірибе жинақтап, анестезиолог дәрігер мен оның көмекші медбикесі өз білімдерін көтерді. Арнайы дайындалған бригада бүгінге дейін өз беттерінше асқазанды кішірейту бойынша екі операция жасады.
Операциялар кіші инвазиялық хирургия әдісімен, яғни, кеспей жасалады. Соңғы жылдары бүкіл әлемде осындай әдіспен ота жасауға тырысуда, өйткені операциядан кейінгі асқынулар жиілігін көп төмендетеді, қалпына келтіру кезеңі мерзімдерін қысқартады және оңалту процесін жеңілдетеді. Сонымен қатар, пациенттің денесінде классикалық ашық операциялардан кейінгі үлкен кесіктер ізі қалмайды.
Журналистерге арнайы монитор арқылы хирургтың жасап жатқандарының бәрін көруге мүмкіндік берілді. 37 жасында 160 келі салмағы бар, сонымен қатар гипертониямен ауыратын әйелге операция жасады. Маляцкас операция жасап, көмекшілеріне тапсырма берумен қатар, әзілдеп те үлгеріп жатты. Зарарсыздандырылған қолғап ауыстыру кезінде оған қолының көлемінен кішкентай қолғап берілді: «Қолғап қолымды қысса, операцияны тез бітіреді дедіңдер ме?»,- деп күлді ол. Қолғап ауыстырылды.
Ал біз заманауи хирургиялық әдістеме шағын тесіктер арқылы ота жасай алатынына куәгер болдық. Лапароскоптың өзі бейне камера мен «салқын» жарық көзіне, сондай-ақ линзалар жүйесіне жалғанған телескоптық түтікше сияқты.
- Мұндай оталарды тек Астанада жасайды, міне, енді біз екінші болып осы технологияларды енгізіп отырмыз. Пациенттерді іріктеу дене салмағы индексі сияқты арнайы көрсеткіштер бойынша қатаң жүргізіледі. Олар хирургтардың, эндокринологтар және басқа да мамандардың тексеруінен өтеді, өйткені семірумен ауыратын науқастардың сусамыр (диабет), жүрек-қан аурулары, тірек-қозғалыс аппараттары бұзылуы сияқты ілеспе дерттерге ие болады,- дейді облыстық аурухананың бас дәрігері Сайын ШОМИРОВ.
Операция бұл істің жартысы ғана, жағдайды қалыптандыру үшін пациент дәрігерлердің барлық кеңестерін қатаң сақтауы тиіс. Алайда нәтиже кез-келген қиналуға тұрады, науқастардың көпшілігі отадан кейін тек артық салмақтан арылып қана қоймайды, сондай-ақ денсаулығын түзеп, мүгедіктен құтылады.
Атап айтсақ, статистика бойынша бұрын сусамырмен ауырған адамдардың 80%-ы енді үнемі дәрі ішіп тұруды қажет етпейді. Қан қысымы жиі көтерілетін адамдарда да өте жақсы нәтижелер тіркелген.
«МҰНЫ ЖАСАП БІЛУ КЕРЕК»
Операция сәтті өтті. Дәрігер Маляцкас өзінің шәкіртіне жаңа әдістемені Атырауда енгізуді бастауға көмектесу үшін арнайы келгенін айтты.
- Бүгін біз асқазанды тарылту бойынша стандартты операцияны өткіздік, осыдан кейін оның көлемі өте кішкентай, шамамен 20-30 мл көлемге кішірейеді. Бұл екі асхана қасығынан кем емес. Алайда бұл кішкентай асқазаннан тамақ бірден аш ішекке түседі. Бір ішкенде 200 грам тамақ қабылдауға болады, алайда өте жәй ішу керек. Операциядан кейін аштық сезімі едәуір төмендейді. Осындай операциялардан кейін асқынулар болып жарымайтыны өте маңызды. Өлім-жітім де аз. Жоспарлы түрде өт қабына немесе соқырішекті алып тастау отасымен салыстырғанда да өте төмен. Алайда мұны жасап білу керек. Дәрігерлеріңіз мұндай операцияларды өте жақсы жасайды,- деп атап өтті литвалық профессор.
Адам салмағы нормадан 60-70 келі артық болса, патологиялық семіру ждеп есептеледі. Зертеулерге сәйкес, операциядан кейін пациенттер 60-80% артық салмақтан айырылған, ал қалыптасқан диета көмегімен емделіп арықтау 10% ғана нәтиже береді. Еуропаяда мұндай операциялар бірнеше мың еуро тұрады. Бізде медициналық қызметтерге төлем жасау комитеті арқылы мемлекет қаржыландырылады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор