Атырау, 29 қараша 01:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бизнес қоғамдастығындағы мазасыздық

2 819 просмотра

Image 0Бизнес қоғамдастықтың пікірінше, жаңа салық саясаты шағын және орта бизнесті түбегейлі жоюға, сондай-ақ ірі бизнесті шығынға ұшыратуға әкелуі мүмкін. Бұл мәселе өңірлік кәсіпкерлер палатасы ғимаратында селекторлық байланыс режимінде өткен қоғамдық тыңдауда талқыланды.

ҚАДАМДАР ҚҰРДЫМҒА БАТЫРА МА?

Ел үкіметі «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде салық заңнамасына өзгерістер енгізу бастамасын көтерді. Осы бастамалардың бірқатары парламент мәжілісінің қарауына енгізілген «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрініс тапты. Атап айтқанда, 39, 44, 45 қадамдарды жүзеге асыру үшін 2017 жылдан бастап ҚҚС бойынша міндетті түрде тіркеу есебіне қою үшін 30 000 АЕК-тен бастап 3 234 АЕК-ке дейін немесе 59,4 млн теңгеден бастап 6,4 млн теңгеге дейін бастапқы мәнді төмендету ұсынылды.

Тағы бір қадам – ҚҚС 12 пайыздың орнына сату салығының 5 пайызын енгізу, мұндағы 5 пайыз салық шамамен 20-25% ҚҚС құрайды. Келесі ұсыныс –импортталатын және ел аумағы бойынша қозғалатын тауарларға ілеспелі жөнелтпе құжаттарды ресімдеуді міндеттеу, электронды түрде тауар есепшоттарын міндетті түрде ресімдеуді енгізу. Бұдан басқа, 2017 жылдан бастап шаруа және фермерлік шаруашылықтар үшін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін жеңілдетілген декларациялар негізіндегі арнайы салық режимін жою ұсынылды.

Отандық сусын өндірушілерді де жағымсыз жаңалықтар күтіп тұр – үкімет пайдалы қазбалар өндіруге салық есептеу әдістемесін қайта қарауды, жерасты суларына салықты 40 еседен жоғары көбейтуді ұсынады.

Ал 5 пайыз мөлшерге дейінгі аударымды міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, сонымен қатар жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары – еңбек қорының 5 пайызы - бизнеске ақталмайтын қаржы жүгін арттырады.

2017 жылдан бастап 5-тен 12 пайызға дейінгі мөлшерлемеде бөлшек сауда кәсіпорындары мен қоғамдық тамақтандыру орындары үшін бөлшек салық енгізу, сондай-ақ 2017 жылы жеке табыс салығының мөлшерлемесін 10-нан 11 пайызға дейін және 2018 жылы 12 пайызға дейін арттыру жобаланып отыр.

Кәсіпкерлердің пікірінше, мұндай шаралар шағын және орта бизнеске салық жүктемесін бірнеше есеге көбейтеді, көлеңкелі экономиканың, инфляцияның өсуіне, бәсекеге қабілеттілікті төмендетуге әкеледі.

САЛЫҚТАР ЖЕТІ ЕСЕГЕ КӨБЕЙЕДІ

Бізді ауыр жылдар күтіп тұрғанын білеміз. Нарық конъюнктурасы қазір қолайсыз, бюджетті оңтайландыру, экономиканы қысу жүріп жатыр, сатып алушылар сұранысы төмендеуде. Бағаның өсетіндігі түсінікті, қазір көтеріліп жатыр. Осы тұрғыда тарифтік және салық саясаты саласында күрт қозғалыс жасауға болмайды деп есептейміз. Ұсынылатын новациялар көп мазасыздық тудырады, өйткені бұл микробизнес: жеке кәсіпкерлер, отбасылық және ауыл бизнесі дамыған үлкен алаңды қамтиды. Ал бұл көптеген адамдарды жұмысқа орналастыруға, әлеуметтік шиеленісті болдырмауға мүмкіндік беретін бизнес, - деп есептейді тыңдау модераторы - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай МЫРЗАХМЕТОВ.

Оның пікірінше, өзгерістер білікті бухгалтерлер мен заңгерлердің қызметін пайдалануға мүмкіндігі жоқ шағын бизнесті де қозғайды.

Бұрын олар оған қажет емес еді, өйткені шағын бизнес патентпен және салық салудың жеңілдетілген режимі бойынша жұмыс істейді. ҚҚС бойынша ерікті түрде есепке қоюды жою және еш дайындықсыз сату салығын енгізу бұл сегментті формалды түрде үлкен бизнес саласына шығарады.

Қатысушылар мынадай есептеулер келтірді: еліміздегі кәсіпкерліктің 90 пайыздан астамын құрайтын тек шағын бизнес субъектілері үшін ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою шегі төмендеген кезде салық жүгі 2 есеге дерлік артады; 500 мың шағын кәсіпорындар үшін 5 пайыз сату салығын енгізген кезде жүктеме орташа алғанда үш есеге көбейеді. Ал салық режимін «оңтайландыруға» байланысты бүкіл шараларды енгізгенде шағын кәсіпкер үшін салық ауыртпалығы 7 есе көбейеді.

НЕ С ТЕХ НАЧАЛИ

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры Азамат ӘМІРИН бірқатар мемлекеттер, атап айтқанда, Швеция, Нидерланды, Германия, Бельгияда тіркеу шегі мүлдем жоқ екендігін атап өтті.

Егер оны бізде алып тастайтын болса, онда салық төлеушілер саны 97,7 мыңнан 161 мыңға дейін көбейеді. Мемлекетке жалған кәсіпорындар тигізген зиян 556 млрд теңгені құрайды. Мұнда бүкіл жалған кәсіпорындар ҚҚС бойынша есепке ерікті түрде тұрған. Осылайша, есепке ерікті түрде қоюды жоюды көздейтін норма, А.Әміриннің пікірінше, ерікті салық төлеушілерді қорғау мақсатында қажет.

Ең төменгі салық жүктемелерінің бірі бізде қолданылады. Бізде ЖІӨ-ге қатысты қарасақ, жалпы түсімдердің көбейіп жатқанына қарамастан, бұл көрсеткіш жыл сайын құлдырайды, - деп атап өтті Әмірин.

Алдымен бүкіл мемлекеттік шығыстардың оңтайландырылғанын көрсету керек. Біз мемлекеттік шығыстарды оңтайландырудың бүкіл мүмкіндіктері сарқылғанын көрмейміз, бұл сала ашық емес. Мен квазимемлекеттік сектор, даму институттары, ұлттық компаниялар туралы айтып отырған жоқпын – ол жердегі әлеует зор. КМК, ӘКК, көптеген органдарда қаржылар тиімсіз жұмсалып жатыр. Мұны алдымен жасау керек, содан кейін мемлекеттік құрылымдарда бүкіл белдіктерді буған кезде: бітті, әрі қарай қысқартуға болмайтын тек әскер, қауіпсіздік, әлеуметтік шығындар ғана бар деу керек. Енді, міне, бизнестің кезегі келді, - деп есептейді Абылай Мырзахметов.

Қоғамдық тыңдау қорытындысы бойынша ел парламенті мәжілісінің төрағасына және бірқатар депутат фракцияларына ашық үндеухат жасақталды.

Үндеухатта, атап айтқанда, былай делінген: «Өкінішке орай, бүгінде бизнес қоғамдастығы келісе алмайтын ұсынылған шаралардың басым бөлігі парламентте қаралуда жатыр. Демек, келесі жылдың басында біз осыншама асығыс қабылданған шешімдердің «жемісін көре бастаймыз». Бұл жағдайда таяу болашақта көптеген кәсіпорындар өз қызметтерін жылжытып қоятынын немесе «сұр сызбаға» қайта көше бастайтынын жоққа шығаруға болмайды. Осыған байланысты біз заң қабылданар кезде кәсіпкерлік қоғамдастығының пікірін ескеруді өтінеміз».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті ҰКП баспсөз қызметі ұсынды

18 қыркүйек 2015, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.