Атырау, 19 желтоқсан 19:51
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«АҚШ дипломаты: “Ресейге сене беруге болмайды"». «Теңгенi құлдыратқандар кiмдер?». «Үміт Шаяхметова: девальвация банктер үшін қиындықтар туғызады». «Армандаймын деп арандады». «Мұрагерлiктiң құлағы қылтиды». «Сапасыз екпеге сенiм жоқ».

1 811 просмотра

AZATTYQ. ORG «АҚШ дипломаты: “Ресейге сене беруге болмайды"» - АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы елшісі Даниель Баэр бұрынғы Совет Одағы республикаларына «Ресейге тәуелді болып отырмай бермей, АҚШ-пен және Еуропа Одағымен жақынырақ араласу қажет» деп кеңес берді.

«Жиһад жасқа қарамайды» - «Талибан» экстремистік ұйымымен байланысы бар «Имам Бухари жамағаты» тобы қатарында соғысып жүрмін деген өзбек ұлты өкілі Сириядағы ұрысқа жас балалар да қатысып жатқанын айтып, «жиһад жасқа қарамайды» деді.

«Ислам партиясы жабылып, бүлікші генерал мерт болды» - Душанбеде Тәжікстан Ислам өркендеу партиясы жетекшілерінің бірі тұтқындалып, өткен айда ұйымның аймақтық филиалдары жабылуы партия қызметін тоқтатты. Бақылаушылар «енді радикалдар көбейеді» дейді.

«"Бүлікші" тәжік генералдың оққа ұшқаны хабарланды» - Тәжікстандық ІІМ мен МҰҚК Ромит шатқалында "қашып жүрген бүлікші" генерал Абдулхалим Назарзоданың көзі жойылғанын жариялады.

ZHASALASH.KZ. «Армандаймын деп арандады» - Назарбаев пен Лукашенконы салыстырған депутат партбилетiнен айырылды.

«Ерке қыздың ермегi» - Ән салса – Дариға Назарбаева салсын, мен деген опера әншiлерiнiң өзi армандап өткен театрлардың төрiнде тұрады саңқылдап.

«Теңгенi құлдыратқандар кiмдер?» - Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгiлiк сессия нәтижесiнде доллар сейсенбi күнмен салыстырғанда тағы көтерiлiп, 283,98 теңгеге жеттi.

«Қыздың президенттiктен бар ма дәмесi?» - Өткен жұмада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аяқ астынан ауыс-түйiс жасап, үлкен қызын вице-премьер қызметiне тағайындауы саяси ортада әжiк-күжiк әңгiме тудырды.

«Мұрагерлiктiң құлағы қылтиды» - Өткен нөмiрде “Д.Назарбаеваның вице-премьер қызметiне тағайындалуының астарында не жатыр?", “президент Н.Назарбаев үлкен қызына билiктi тастауы мүмкiн бе?" деген мәселенi жалғастырып, тағы бiрнеше сарапшының болжамын бiлдiк.

«Сапасыз екпеге сенiм жоқ» - Қызылшаға қарсы екпе жұмыстары осы жылдың қазан айының 1-iнен қайта басталады.

BUSINESSNEWS.KZ «Үміт Шаяхметова: девальвация банктер үшін қиындықтар туғызады» - Сарапшылар теңгенің кезекті құнсыздануына түрлі қарады.

«Теңгелік депозит бойынша төленетін өтемақы сомасы анықталды» - Төл валютамыздың еркін айналымға жіберілуі салдарынан Ұлттық банк теңгелік депозиті бар жеке тұлғаларға 257 миллиард теңгеден астам өтемақы төлеуі мүмкін.



17 қыркүйек 2015, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.