15 қыркүйекте кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Онда бизнесмендердің «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалымен өзара қарым-қатынас мәселесі талқыланды.
ӨЗ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫН АШАДЫ
Өңірлік кәсіпкерлердің палатасына (ӨКП) монополистердің ақпарат ұсынбау, олардың жүйелеріне қосылуға кедергі келтіру, техникалық шарттар бойынша көрінеу орындалмайтын талаптар қою фактілері бойынша жыл басынан бері 40-тан астам шағымдар түсті. Көбінесе кәсіпкерлер газ берушілерге шағымданады. Кейде ақылға сыймайтын жағдайлар орын алады: тұрба мен газ реттегіш шкаф пункті кәсіпкердің ауласында болады, ал газға қосу үшін оған ғимараттан
– Тұрба жүргізуге қатысты мұндай техникалық шарттарды орындау бізге 30 млн теңгеге шығатын болды, - дейді «Артель инжиниринг» ЖШС директорының заң мәселелері жөніндегі орынбасары Дмитрий СЕРГЕЕВ. ӨКП-не шағымданғаннан кейін мәселе шешілді. Бірақ бұл бірен-саран жағдай емес. Мәселен, құны 5 млн теңге болатын жылыжайды іске қосу кезінде газ берушілер кәсіпкерге 15 млн теңге салу қажет болатын техникалық шарттар ұсынған.
– «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР заңның 7-бабының 24-тармағына сәйкес, бүкіл монополистер тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында бос және қолжетімді қуаттылықтардың, желілердің өткізу қабілеттері, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар сызбасының бар екендігі туралы ақпарат орналастыруғ міндетті. Мұндай жағдайда процесс ашық болады және тұтынушы өзіне ең жақын бос нүктеге жалғанатындығына сенімді болады, - дейді Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Сәрсенбай ЖОЛДЫБАЕВ.
ӨКП Табиғи монополияларды реттеу департаментіне біздің монополистер ресурсының электронды мекен-жайларын алу үшін жүгінді: олардың бірі, шынымен де, «Атырау Жарық» сайтының мекен-жайы болып шықты. Екіншісі әлдебіреудің поштасы, ал үшіншісі... әуежай сайты екен. Энергішілердің айтуынша, бүкіл қажетті ақпарат олардың сайттарында ұсынылған және қажетті құжаттар пакетін олар көп азайтқан екен. Сәрсенбай Жолдыбаев өздеріне энергішілердің әрекеттеріне қатысты шағымдар түспегенін растады. Ал газ берушілерге қатысты жағдай басқаша.
– Бізге күніне жеке тұлғалардан 100 шақты, ал айына заңды тұлғалардан 30-дай шағым келіп түседі. Газ қысымы мен көлеміне қатысты ахуал күн сайын өзгеріп отырады. Сайттағы ақпаратты жедел жаңарту үшін бізге арнайы қызмет ұстауға тура келеді, ал бұл артық шығындар, - деп мәлімдеді «ҚазТрансГаз Аймақ» ӨФ-нің жаңа директоры Абай ӘМІРХАНОВ. Ол бұрын Ақтөбеде, кейін Қостанай филиалында жұмыс істегенін, енді Атырауда Қостанай тәжірибесін енгізуді–тұрғындар филиалдан газ қамтуға қатысты мәселелер бойынша ақпарат ала алатын мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлап отырғанын әңгімеледі. ХҚКО-на электронды кезек енгізу жоспарда бар. Бұл жерде техникалық шарттар беруге өтініштер беріп, оларды алуға, газбен қамту жобасын жасақтау үшін келісімшарт жасауға және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға, газбен қамту жобаларын мақұлдауға тапсыруға, биллингтік компаниялар қызметін алуға болады. Жаңа қызметті қарашада ашу жоспарланып отыр.
«АУА-РАЙЫ КОЭФФИЦИЕНТІНЕ» КЕРІ КӨШЕ МЕ?
Алайда техникалық шарттарды берудің жабықтығынан басқа кәсіпкерлерде «ҚазТрансГаз Аймақ» ӨФ-не талаптар көп.
Біріншіден, олар газшілерге тоқсан сайын жабдықтарды сыртқы тексерумен шектелетін техникалық қызмет көрсеткендері үшін төлеуге мәжбүр. Екіншіден, газ берушілер бұрындағы энергішілер секілді алдын ала төлем алады. Үшіншіден, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін газ берушілер жабдықтарға сүргі салады. Күзде тұтынушыларға қайтадан оларға толық құжаттар пакетімен жүгінуге тура келеді. Бұдан басқа, газ тасымалдауды және газдың өзін жеке төлеу қажеттілігі көп мәселе туғызады.
Техникалық қызмет көрсету жиілігі, Абай Әмірхановтың айтуынша, бірнеше себептерге, соның ішінде газ жабдығының күрделілігіне байланысты болады. Ал тұрақты пломбалау – бүкіл ел ел өңіріндегі әдеттегі тәжірибе. Жолай кейбір сұрақтарға Әмірханов негізделген жауаптар бере алмады, ол мұны өз міндетіне жақында ғана кіріскенін, ахуалға жете ұғыну үшін уақыт керектігін түсіндірді. Ол бір нәрсені айқын біледі екен: оның айтуынша, ол «ауа-райы коэффициентін» қалпына келтіруге қол жеткізбекші. Естеріңізге салсақ, 2012-2013 жылдары бірнеше ай бойына филиалдың абоненттік қызметі газ есептегіштері сыртта орнатылған тұтынушылармен есеп-айырысуда сырттағы температураға байланысты төлем сомасынан жоғары болатын «ауа-райы» коэффициентін қолданған болатын: ауа-райы суық болған сайын, тұрғындар көп ақша төледі. Бұл мәселені біздің газетіміз көтергеннен кейін, облыстық әкімдік пен ТМРА департаментінің бірлескен шешімімен жеке тұлғалар үшін түзету коэффициентінің күші жойылды. Енді тағы шыққаны ма?
Отырыс қорытындысы бойынша, айтылған мәселелерді жұмыс тәртібімен шешуге, ал жергілікті деңгейде шешу мүмкін емес проблемаларды, мәселен, алдын ала төлем туралы мәселені орталыққа жолдау туралы қаулы қабылданды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА