18 қатарлы «Құлагер-Жайық» тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін ПИК қызметкерлері «Атырау Су Арнасы» КМК-дан келетін ауыз су жиналатын жинақтаушы резервуарларды тазалау үшін жарты жылда бір рет үйдегі суды тоқтатуға мәжбүр болып отыр.
Осы көпқатарлы үйдің жүйесі су алдымен сорғы арқылы шатырға көтеріліп, сол жерде орналасқан таттанбайтын темірден жасалған екі 4 тонналық бакқа құйылады. Осы ыдыстан су төменге, пәтерлерге барады.
- Біз бактарды қолмен тазалау үшін суды тоқтатамыз. Жарты жылда резервуарда қоқымдар жиналып, қабырғасына қатты қақ тұрады,- деп түсіндірді ПИК қызметкері.
Біз келгенде ПИК қызметкерлері резервуарлардың бірін тазалап жатыр екен. Бізге қабырғаларды басқан қақ үгітінділерін көрсетті. Резервуардан алынған қоқым күйген қақ пен тат сияқты көрінді. Біз редакциялық сұранысқа осы жерде түсірген суреттерді салып, «Атырау Су Арнасы» КМК басшылығынан түсінік беруді өтіндік.
«Атырау Су Арнасының» жазбаша жауабында былай делінген: «“Атырау Су Арнасы" КМК қалалық су тазалау құрылғыларының тұрақты түрде жұмыс жасауын қамтамасыз етіп отыр. Ауыз судың сапасы 18.01.2012 күнгі №104 ҚР Санитарлық ережелер мен нормаларға (СанЕжН) сәйкес келеді. Ауыз суды дайындау су тазалау құрылғыларында қалалық тұтынушыларды қорғау басқармасынан ҚР СанЕжН талаптарына сәйкес келісім алған, бекітілген технологиялық регламент бойынша жүзеге асырылады. Су тазалау құрылғыларындағы және су құбырының тарату желілеріндегі зертханалық-өндірістік бақылауды “Атырау Су Арнасы" КМК-ның зертханасы жүргізеді. Сондай-ақ, бекітілген жоспар-кестеге сәйкес, ай сайын ауыз суға химиялық және микробиологиялық талдау жасалады. Су тазалау құрылғыларында сынамалар алып, талдау жасау тәулік бойы қалалық тұтынушыларды қорғау басқармасынан ҚР СанЕжН талаптарына сәйкес келісімі алынған, бекітілген «Жұмыс бағдарламасы» бойынша жүргізіледі. Қала мен қала маңындағы басты су құбыры желілері мен бас су тазалау құрылғыларында маусымдық профилактикалық шаю мен дезинфекция жүргізіледі.
«Құлагер Жайық» тұрғын үй кешенінде орналасқан резервуарларды біздің кәсіпорнымыз бақыламайды және қызмет көрсетпейді. АСА сыртқы су құбыры желілері мен кәріздік жүйеге қызмет көрсетеді және үйге берілетін су барлық нормалар мен талаптарға сәйкес келеді.
05.06.2009 күнгі №832 «Елді мекендерді сумен қамту және су бұру жүйелерін пайдалану ережелерінің» 41-тармағына сәйкес, жертөлелер ішіндегі желілерге ПИК-тер, ал ПИК жоқ жағдайда пәтер иелері қызмет көрсетеді».
Монополист, сондай-ақ, ПИК қызметкерлерінің үйішілік сумен қамту жүйесін дұрыс пайдаланып отырғандарына күмән білдірді.
Қоғамдық белсенді Талғат АЯННЫҢ пікірі:
- Баршамызға белгілі, тамыз айынан бастап ауыз су жеке тұлғалар үшін 48%-ға, заңды тұлғалар үшін 67%-ға қымбаттады. Әр жиналыс сайын «Атырау Су Арнасы» КМК басшылығы қалалықтарға жеткізіліп отырған су тап-таза деп сендіріп отырады. Алайда сіздер 18 қатарлы үйдің шатырындағы резервуарға жиналып қалған қоқысты көздеріңізбен көрдіңіздер. Мұның барлығы АСА-ның жоғары тазалығынан өткен судан пайда болған. Қаланың басқа үйлерінде мұндай ыдыстар жоқ, яғни, осындай су үйіміз бен пәтерімізге тікелей келіп жатыр. Су тарифін соңғы өсіру ештеңені дәлелдемеді. Кранымыздағы су бүгінгі бағаға сәйкес келмейді деп есептеймін.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор