Атырау, 29 қараша 01:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жалған дипломды экспаттар

2 815 просмотра

Image 0Адам болмаса – проблема да болмайды, деп есептейді БМТ компаниясының Атырау филиалы АРГОСС Би Ви компаниясы қызметкерлерінің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін тексеру нәтижелеріне сүйене отырып, облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасындағылар.

ҚАНЕ, KZ, КӨРІСКЕНШЕ

Бізге көші-қон полициясы басқармасы ресми жауап бергендей, біздің полицейлерге «Атырау қаласындағы БМТ АРГОСС Би Ви, ҚР» шетел фирмасы филиалындағы көші-қон заңнамасын бұзушылар Ян БЕЛДОН (Jan Beldon), Мишель ХЕРМАН (Michele Herman), Николас ФИЛП (Nicholas Philp), Марк Ван Дер ПУТЕ (Mark Van Der Putte), Джон ЛЕНДЛЕЙ (John Lindley), Шон Мак ДЕРМОНТ (Sean McDermott) және Роберт КОЕНДЕРСТІҢ (Robert Koenders) «Қазақстан аумағынан шығып кеткенін» анықтау үшін екі айдан астам уақыт қажет болған. Нидерландыда тіркелген осы кішкентай компания тарапынан орын алған ҚР еңбек, көші-қон, салық және тіпті қылмыстық заңнама саласындағы айтарлықтай көптеген заң бұзушылықтарды растайтын фактілер көп. Бұл туралы әріптесім Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА әлденеше рет жазған еді.

Көші-қон полициясы өздерінің дәрменсіздігін мойындады, маврлар, яғни, экспаттар өз жұмыстарын жасап, кетіп қала алды.

Алайда біздің органдардың тұрақты түрде және именбестен заң талаптарын бұзатын компания алдындағы тергеу және қадағалаудағы құқықтық дәрменсіздігін немен түсіндіруге болады? Компания ешқайда кеткен жоқ, оның үстіне, бүкіл тексерулер өткізіліп, тіпті оның қызметкерлеріне сот әлденеше рет айыппұл салса да, заңнамаға қатысты едәуір проблемасы бар компанияға (компанияның салық салуға қатысты проблемасы да бар, мемлекеттен жасырылған алдын ала салық сомасы шамамен 1,2 млрд теңгені құрайды) 5 жылға NCOC N.V. метеоболжамын ұсынуға кезекті ірі келісімшарт тендеріне қатысып, тағы да жеңімпаз атануға ештеңе кедергі болмады.

Айта кетелік, БМТ АРГОСС Би Ви филиалында заңсыз жұмыс жасаған шетелдік қызметкерлерге қатысты өз тергеу нәтижелері туралы ұзаққа созылған ресми жауабын ІІД бізге 7 қыркүйекте хабарлады. Ал соның қарсаңында көші-қон полициясы басқармасына Нидерландыдан бір күнге ұшып келген БМТ АРГОСС Би Ви Атырау филиалының басшысы Жан-Поль ЛИНДЕБУМ кіріп шықты. Шамасы, осы мәселе бойынша арнайы келген болуы керек.

КЕМЕҢГЕРЛЕР ӘЗІЛІ

Компания 8 жыл бойына алдымен «Аджип ҚКО»-мен, кейінірек – оның мирасқоры NCOC N.V. компаниясымен ауа-райы болжамы, су деңгейі және т.б. бойынша шалғай мәліметтер мен суреттерді беру қызметтерін ұсына отырып, келісімшарттық қарым-қатынас орнатқан. Айта кетелік, бұл қызметтер эксклюзивті емес және алып бара жатқан ерекше емес. Алайда NCOC N.V. компаниясы еліміздің қолданысындағы заңнаманың және тендерлік процедураларға жіберілу жөніндегі өз талаптарының өрескел бұзылуына үнемі жол беретіндігіне қарамастан жыл сайын онымен жасалған келісімшартты ұзартып, осы өз мердігеріне өзгеше ниеттестік танытады. Дегенмен, әлденеше рет жария болған мәліметтер: осы фирманың шетелдік және жергілікті мамандарының еңбекақыларындағы едәуір ерекшелік; экспаттармен еңбек қарым-қатынастары заңының бұзылып ресімделуі; ҚР-на шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесінің бұзылуы; ҚР салық талаптарын айналып өтіп, фирманың декларацияланбаған кірістері мен қаржылық операцияларын жүргізуі консорциумның өз серіктесіне анағұрлым зер сала қарау үшін жеткілікті негіз болмаған.

Алайда осы мердігерге қатысты хикаяның тосын сыйы әлі аяқталған жоқ. Жалпы біліктілік талаптарына (ЕТКС) сәйкес, маманның жоғары кәсіби (техникалық) білімі болуы және мамандығы бойынша басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Image 1

Бұған сену қиын, алайда шетелдік мамандар (NCOC N.V.-мен жасалған келісімшарт бойынша осы нақты позицияларда экспаттар болуы тиіс) жылдар бойына Атырау БМТ АРГОСС Би Ви филиалында жұмыс жасаған екі Ұлыбритания азаматы өз жұмыстарына жалған дипломдар ұсынып, ие болған. Атап айтқанда, бас техникалық маман Крейг Дэвид ГРЕЙДІҢ (Craig David Gray) Лондон Қолданбалы өнер институтының «enginering» мамандығы бойынша дипломы бар деп жазылған. Назар аударыңыз, бұл британдық жоғарғы оқу орнының дипломы. Шындығында, «инженерия» сөзі басқаша, «engineering» деп жазылады. Ал «enginering» сөзі ағылшын тілінде мүлдем жоқ. Лондонда да қолданбалы өнер институты жоқ. Бұл әзіл, 1974 жылы London Institute of applied research, қысқартылған атауы LIAR қайырымдылық қорына ақша жинау үшін негізі қаланған дарынды балаларға арналған мектептің екі түлегінің ойдан шығарған нәрсесі. Ал «liar» «өтірікші, алдаушы» деп аударылады. Әзілқойлар сыртқы түрі нағыз дипломнан еш айырмашылығы жоқ докторлық дәрежедегі дипломдарды басып шығарып, сатылатындығы жөнінде газетке хабарландырулар берген. Тіпті оның жалған екенін, ал ақшаның қайырымдылыққа жұмсалатынын ескерткен. 9 ай бойына 50 мың доллар жинаған. Алайда, «қайықты қалай атасаң, ол солай жүзеді» деп текке айтпаған ғой. Өтіріксіз болмады: тек осы соманың мардымсыз бөлігі ғана іс жүзінде мұқтаж жандарға көмекке кетті.

Жалған құжаттың қалған бөлігі анағұрлым алақолға түсіп, кейінірек тиын-тебенге сатылды. Алайда жүз жыл бұрын ұмыт қалған алаяқтық куәлігі Атырауда жалақысы 6 000 доллар құрайтын бас техникалық маманның «білімі туралы құжаты» түрінде бой көрсетті. Айтпақшы, британдық форумдарда: егер кандидаттың түйіндемесінде LIAR дипломы бар деп жазулы тұрса, алдыңызда өтірікші тұр деп ескертеді.

Дипломдағы мәліметтерге сәйкес бас техникалық маман Кой Гавин ПОЛ (Coy Gavin Paul) менің Атырау облысының әкімі болғаным секілді ол да engineer. Екі қағазда да диплом жасаған шетелдік алаяқтар қарапайым сөздегі өрескел грамматикалық қателікті әдейі жіберген. Дегенмен, басқа детальдың қасында бұл ұсақ-түйек қана: 1978 жылы туылған Кой Гавин Пол Чикаго Университетін 1986 жылы аяқтаған, яғни, инженер дипломын 8 жасында алған. Кемеңгер! – көршім Галя тәтей мұндай жағдайда осылай айтқанды жақсы көреді.

Алайда, Кой Гавин Пол мырзаның вундеркинд болмағаны айдан анық. Чикаго университетінің заң бөлімінің аға заңгері Теодор СТАМАТАКОС оның дипломының жарамдылығы туралы сауалға былай деп жазады: «Чикаго университеті түлектерінің дерекқорында Coy Gavin Paul немесе оған ұқсас аты бар адам ешқашан тіркелмеген. Оның үстіне, 1986 жылы (сізге ұсынылған «дипломның» берілген жылы) Университетте ешқандай инженерлік білім беру бағдарламалары болған жоқ, тиісінше, кез-келген инженерлік пән бойынша диплом бере алмайды».

Облыстық ІІД жалған дипломдарды жасау және пайдалану фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ал бұл жалған құжаттар Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына Жұмыс рұқсатын беру үшін жеткілікті негіз болған.

АЙЫППҰЛДЫ МАСА ШАҚҚАН ҚҰРЛЫ КӨРМЕЙДІ

Бәлкім, өз қызметкерлерінің құжаттарындағы осынау азғана ерекшеліктерді ескеріп, БМТ фирмасы «enginering» саласындағы осы мамандарына келісімшарт бойынша бөлінген мөлшерлемеден бес есе аз төлеп отырған шығар. Өйткені, әр позиция үшін NCOC N.V. консорциумы БМТ компаниясының филиалы БМТ АРГОСС Би Ви компаниясына ай сайын 31 670 доллардан төлеп отыр. Алайда «мамандар» қолдарына 6-6,8 мың доллардан алады. Он төрт маманның ішінде тек осы екі қызметкердің еңбекақысы мен шынайы төлем арасындағы айырмашылық айына $50 720 құрайды, мұны компания өзіне қалдырады. Осы жағдайда компанияның ҚР-на шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзушылыққа жеңіл қарайтындығы түсінікті болып отыр. Естеріңізге салайын, ҚР-да болу ережесін бұзғаны үшін айыппұл – маман үшін 50 мың теңгеден төмен және басшы үшін 110 мың теңге. Айта кетелік, БМТ АРГОСС Би Ви компаниясы шақырған орта буынды шетелдік мамандар мұндай айыппұлды әлденеше рет төледі. Ал БМТ АРГОСС Би Ви директорына заң бұзушылыққа жол бермеген дұрыс, өйткені оның азғана кірісіне байланысты айыппұлдар оны қайыршылық күйге ұшыратуы мүмкін. Осы фирманың ресми табеліне сүйенсек, директор-экспат үшінші әлем елінде төменгі еңбекақымен - 37 500 теңгеге жұмыс істейді. Біздің елде одан төмен көрсетуге болмайды. Бұл кемсітушілік қой!

Осындай жалақысы бар бұл қандай салық салу нысаны?

Егер, әрине, Жан-Поль Линдебум мырза оны осы жерде алатын болса. Ал сұранысқа ие маманның тек ұшып келу жол ақысы мен осы жақта қысқа мерзімде тұруының өзі (Линдебум Нидерландыда тұрақты тұрады, Атырауға іссапармен келіп тұрады) NCOC N.V. жұмыс мердігеріне анағұрлым қомақты сомаға шығады.

…Осы компанияның акционерлер тобының (Нидерланды, Британия және Цейлон азаматтары) жолы болғыштығына қызығуға болады – олар заңға бағынышты таза Голландияда қарап отырып, шалғайдағы елеусіз Атыраудың кішкентай филиалынан табыс тауып отыр.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

17 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.