Атырау, 29 қараша 01:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​«Тегершік шапқышқа» инвесторлар керек

3 962 просмотра

Image 02013 жылы «Атырау» ДСК-нде өткен «Мұнай және газ» көрмесінде кәсіпкер Бақтыбай КАБУЛОВТЫҢ (суретте) тозған автомобиль тегершіктерін өңдеу кәсіпорны таныстырылған болатын. Кейін анықтағанымыздай, кешен құрылысы әлі басталмапты. Кәсіпкерге инвесторлардың көмегі керек.

Облысымызда автомобильдер санының артуы қоқыс төгу орындары мен кәсіпорындар қоймасында тозған тегершіктердің жиналып қалуына әкеліп соқтырып тұр. Олар зиянды химиялық қосылыстарды бөліп, ауаны, топырақты және жер асты суларын бүлдіруде. Сондай-ақ, тегершік жанғанда ауаға күшті канцерогендер болып табылатын бифенил және бензапирен сияқты зиянды заттар шығарады. 1999 жылы Еуропалық Кеңес «Қоқыс төгетін орындар туралы» директива қабылдады, соған сәйкес 2003 жылдан бастап автокөлік тегершіктерін өртеуге толықтай тыйым салынды.

Тегіршіктер табиғи ортада жүз жылдан аса уақыт ірітіледі. Тозған тегіршіктердің құрамында каучук, құрыш, текстиль арқан сияқты бағалы шикізаттар бар. Оларды өңдеу арқылы алынған резина сапасы жағынан табиғи каучуктан еш кем түспейді және оларды автотегершік, аяқ киім өндірісіне, жол салуға кері пайдалуға болады. мұндай жолдар автомобиль дөңгелектерінің соққысы мен қатал табиғи жағдайларға төзімді болады.

Image 1Бақтыбай КАБУЛОВ Б. Кабулов былай дейді:

- Облыстық әкімдіктің қолдауымен мен өндірістік кешен құрылысын салуға Қарабатан темір жол станциясының маңынан 3,5 гектар жер алдым. Технологияның мәні қарапайым: тозған тегершіктерді ұсақтап турап, балалар алаңқайлары, жүгіру жолдары және шаруашылық орынжайларының асты мен едендеріне жабынды ретінде қолданылады. Осылайша екі мәселені шешеміз - өңірді өздігінен ірітілмейтін қоқыстан тазалаймыз, резина түйіршіктері мен сым сияқты бағалы өнім шығарамыз.

Мен Қазақстанда бірінші рет тозған тегершіктерді өңдеу бойынша кәсіпорын салуды қолға алдым. 2013 жылы болған көрмеден кейін бұл жобаға қызылордалық бизнесмендер қызығушылық танытып, менің бизнес жоспарым бойынша қытай жабдықтарымен арақталған цех ашты. Мен бизнесті дамыту үшін үйімді кепілге салып, несие ресімдеп, жабдықтар алдым. Қазір маған өндірістік орынжайлар құрылысын бастау үшін инвесторлардың көмегі керек.

Облыстық Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлағандай, оларға Б. Кабуловтан өтініш келіп түскен. Бизнесмен жақын арада Палатаға соңғы қаржылық есептері мен бизнес жоспарын әкелуі тиіс. Палата оған қызығушылық танытқан әріптестер іздеуге көмектеседі.

Кешен тәулігіне 12 тонна тегершік өңдейді. Шикізаттың әр тоннасынан 600 келі резина түйіршіктері, 250 келі металл сынықтары, сондай-ақ жол құрылысына пайдаланатын шлам қалдықтары алынады. Облыстың ірі кәсіпорындары бұл кешенді шикізатпен қамтамасыз етуге ниет білідіріп жатыр. Енді кешенді салу ғана қалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

14 қыркүйек 2015, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.