Атырау, 19 желтоқсан 19:43
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ерте сайлау және билік транзиті». «Қауқарсыз үкiметтiң халыққа керегi жоқ!». «Назарбаевтың жиені назарын футболға аударды». «Тәуелсiз басылымның жабылуында саяси астар бар». «Өзбекстанды террор елесі кезіп жүр».

1 683 просмотра

AZATTYQ. ORG «Өзбекстанды террор елесі кезіп жүр» - Өзбекстан ресми органдарынан ақпарат алу қиын. Шенеуніктер мен мемлекеттік БАҚ жағымды жаңалықты тым әспеттеп, жағымсыз оқиғаны елеусіз етіп көрсетуге, тіпті жасыруға тырысады.

«"Полицияға шабуыл жасаған" тәжік генералы» - Халық арасында үрей тудырып, кем дегенде тоғыз полицейдің өліміне себепкер саналған ауқатты тәжік генералы қазір қашып жүр.

«Ерте сайлау және билік транзиті» - Қазақстанда парламент сайлауы ерте өтуі мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Кейбір саясаткерлер мен саясаттанушылар «билік транзиті - саяси күн тәртібінде тұрған бұдан да өзектірек мәселе» деп санайды.

«Назарбаевтың жиені назарын футболға аударды» - Қазақстан футбол федерациясы Айсұлтан Назарбаевтың осы ұйымды басқару туралы ұсынысына комментарий бермеді. Бұл федерацияны оның қайтыс болған әкесі Рахат Әлиев басқарған. Ал атасы Нұрсұлтан Назарбаев - федерацияның құрметті президенті.

ZHASALASH.KZ. «Қауқарсыз үкiметтiң халыққа керегi жоқ!» - Елдiң экономикалық-әлеуметтiк саясатын құрдымға жiберiп, халықты ауыр ахуалға әкеп тiреген үкiмет жетекшiсiнiң қызметтен кетуiн қолдаушылар саны күн санап өсуде.

«Ендi кiмге өкпелеймiз?» - Ресей президентi Владимир Путиннiң ТМД аумағында доллар және еуродан бас тартуды қарастыратын заң жобасын Ресей мемлекеттiк думасына тапсыруы қазақстандық әлеуметтiк желi қолданушыларының наразылығын тудырды.

«Тәуелсiз басылымның жабылуында саяси астар бар» - “Адам" тәуелсiз басылымының қызметiн 3 айға тоқтатты.

«Ланд Крузер мiнiп, «Виагра» iшiп, «Фуа-гра» жеп...» - Қазақстанның тұңғыш әрi “өмiрбақилық" президентi Нұрсұлтан Назарбаев соңғы жылдары қатарластарының көңiлiн табатындай сөз айтып жүр.


10 қыркүйек 2015, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.