Атырау, 19 желтоқсан 19:56
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қош бол, доллар! Армысың, алтын?». «Қырғызстаннан тауар қымбаттап келеді деген қауіп бар». «Киіктердің қырылу себебі әлі жұмбақ». «Ахметов ісі сотында жалған куәлік ету сөз болды». «Мұнайым бар – мұңым бар».

2 001 просмотра

AZATTYQ. ORG «Қош бол, доллар! Армысың, алтын?» - Ресей президенті Владимир Путин бұрынғы Совет одағы кеңістігінен долларды ығыстырып шығару туралы заң жобасын ұсынғанда ТМД елдерінің көпшілігі бұған аса таңырқай қойған жоқ.

«Киіктердің қырылу себебі әлі жұмбақ» - Батыс басылымдары Қазақстандағы киіктердің жаппай қырылуының нақты себептері әлі анықталмағанын жазды.

«Қырғызстаннан тауар қымбаттап келеді деген қауіп бар» - ЕАЭО-на кірген соң Қырғызстанда үшінші елдерден әкелінетін тауарлар қымбаттады. Енді Қазақстанда да баға қымбаттауы мүмкін деген қауіп айтыла бастады.

«Ахметов ісі сотында жалған куәлік ету сөз болды» - Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталушылар мен адвокаттары Қарағандыда өтіп жатқан сот процесінде «тергеу бастауға арызданған негізгі куәгер жалған куәлік етті» деп мәлімдеді.

ABAI.KZ. «АҚШ доллары үстемдігінен айрылуда...» - РФ басшысы В.Путин ТМД елдерінің аймағында АҚШ доллары мен Еуроодақтың еуросынан біржола бас тартатын заң жобасын Ресейдің Мемлекеттік Думасына ұсынды.

«Қазақ ұлттық кеңесінің мәлімдемесі» - Қазақстанда 27-тамыздан бастап Ядролық отын банкінің ашылуы зор алаңдаушылық туғызды. Табиғат пен адам баласына қауіп төндіретін, арты үлкен қасіретке әкелуі мүмкін бұл жобаға наразылық білдіреміз.

«Мұнайым бар – мұңым бар» - Жоғарыда көрсеткенімдей, Маңғыстау өндірісінің күре тамыры –«қара алтынымыз»бітпейтін мұң мен шерге айналды!..

«Сібірдегі қазақтар қалай жойылды?» - Әкімдіктің тапсырмасымен Челябинск қаласына жақын орналасқан Троицк қалашығына аттанып кеттім. Аудан әкімдігінде қызмет істейтіндердің ең жасы кішісі болғандықтан ба, аптасына бірнеше рет кейде Көкшетауға, кейде Астанаға іссапармен мені ғана жіберіп тұратын.

QAMSHY.KZ «Қазақстанда жанармай бағасы арзандай ма?» - Астанада өткен брифинг барысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан СағынтаевАИ-92, АИ-93 маркалы жанармайдың бағасын мемлекет қадағалап, реттеп тұра алмайтындығы туралы айтқан еді.



7 қыркүйек 2015, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.