AZATTYQ. ORG «Еңбек заңы жобасында жұмыстан шығаруға негіз көбейген» - Қазақстан парламенті жаңа еңбек кодексі жобасын қарауға қабылдады. Жоба авторлары «еңбек қатынастары тараптарының мүддесі тепе-теңдігін» қамтамасыз етуге уәде етеді. Кейбір кәсіподақтар мен қоғамдық бірлестік өкілдері «мұндай реформа қажет емес» дейді.
«Германия босқын мәртебесін кімдерге береді?» - Жол азабы мен қауіп-қатерге қарамастан жүздеген мың адам Еуропаға қарай ағылып жатыр. Олар мигранттарды қабылдауға әрқилы қарайтын Еуропа Одағында проблемаға айналды. Германияға биыл 800 мыңдай босқын келуі мүмкін.
«Тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы ғарышкер ұшырылды» - Қыркүйектің 2-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов «Союз ТМА-18М» кемесімен ғарышқа ұшты.
JASQAZAQ.KZ. «"Шейх" деген атақ масаттандырады» - Соңғы жылдары дінге жаппай бет бұрған жастарымыздың адасып, теріс ағымға ілесіп жатқаны шындық.
QAMSHY.KZ «Каспий қанша тұрады?» - Каспийдің қойнауындағы байлықты бағалау мүмкін емес.
«Президенттің сөзін паспортымызға жаздыру кімдерге тиімді?» - Ендігі жерден бастап Қазақстан азаматтарының төлқұжаттарына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздері жазылатын болады.
AIKYN.KZ «Әлемдегі жағдай күннен-күнге ушығып барады» - Қор биржаларындағы сергелдең, ұлттық валюталардың құлауы, мұнай бағасының төмендеуі, бағалы темірлердің құнсыздануы, алпауыт елдер экономикасының өсімі баяулауы, жер-жерде аймақтық қақтығыстардың орын ала бастауы, мемлекетаралық текетірестердің көбейуі, босқындардың шұбырыны, т.б. жағдайлар әлемді түпсіз шыңырауға жетелеп бара жатқандай.
ABAI.KZ. «Пәрменсіз “пәрләменттің" керегі не?» - Ал, біздің депутаттардыңне өзіне, не өзгеге қайыры жоқ. Бар бітіретіні – мәжіліс отырысына барып қатысу ғана.