AZATTYQ. ORG «"Сақалға бола" соққыға жығу наразылыққа ұласты» - Тәжік студенті соққыға жығылған соң полиция басшылығы қызметкерлерінің үстінен тергеу басталғанын мәлімдеді. Ауыр халде жатқан жігіттің жақын-туыстары «оны сақалы үшін сабаған» дейді.
«Дағдарыс Орталық Азияға жетті» - Әлемдегі мұнай бағасы арзандап, Ресей экономикасы шатқаяқтай бастағалы Орталық Азиядағы бес елдің де қиындықтарға тап болатыны білінген еді.
«"Президент сөзін паспортқа жазуға" сарапшылар әрқилы қарайды» - «Қазақстан паспортына тұңғыш президенттің тәуелсіздік туралы сөзін жазу мен республика азаматтығын алған кезде ант беру міндеттелетіні туралы» хабарға сарапшылар пікірі әрқилы.
«Клинтонға Бішкектен жеткен құпия хат» - АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның 2010 жылғы маусымдағы электрондық хаттарында Қырғызстандағы жанжал сөз болған. Онда «Назарбаевтың қысымы» жайлы да айтылған.
«Билікке жақын бизнесмен “Жауап беремін" жобасын бастады» - Топ-бизнесмен Марғұлан Сейсембаев «Жауап беремін» бағдарламасын іске қосқанын жариялап, журналистердің көбімен жеке хат жазысу арқылы жобаны әлеуметтік желілерде жарнамалап жатыр.
ZHASALASH.KZ. «Гептилдiң кесапаты келер ұрпаққа кетедi» - Қасiрет арылмаған қазақ даласы үшiн тағы бiр зауал ай сайын бiрнеше мәрте ұшырылатын протон зымырандары мен одан төгiлетiн улы гептилден болып отыр.
«Қабдеш Жұмадiлов, Қазақстанның халық жазушысы: “Қазақ халқы Шыңғыс хан әулетiне қарыздар"» - Биыл бiздiң Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын атап өтуiмiз – өте қажеттi шаруа деп бiлемiн.
«Жүз қадамға орай дайындалған кодекс мұнайшылар наразылығын тудырды» - Маңғыстаулық мұнайшылар еңбек кодексiн өзгертпеудi талап етiп, президент пен премьер-министрге жолдаған хаттарына нақты жауап ала алмады.
«"Жұмбақ жымың" немесе депутаттар неге ерекше көңiлдi?» - 1 қыркүйек күнi таңсәрiден ұл-қызын жетектеп, мектепке ағылған халық жұмысына оралған депутаттарды кешкiсiн көк жәшiктен көрiп, бiр марқайды.
«Қымбатшылықты президент те тоқтата алмайды» - Қазақстанның екi мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты. Жылдағы жаттанды жағдайға сәйкес, биыл да Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттары жөндеу жұмыстарына жабылды.
«Автократия және “ауыздан қағыну"» - “Шабан ойлайтын" халық президент айтқан идеялардың мәнiн түсiнiп үлгере алмай жатыр.