Атырау, 19 желтоқсан 20:16
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Үкімет неге орынын босатпайды?». «Елбасы мен азаматтық қоғам – бір лагерьде». «Тәуелсіздік тағдыры?... Қоғам болып бас қатырар уақыт келді!». «Михаил Саакашвили: Қырымды басып алуды Путин осыдан 10–12 жыл бұрын ойластырып қойған-ды».

1 989 просмотра

AZATTYQ. ORG «Шикізат сатушы елдердің басына күн туды ма?» - Негізінен шикізат сатумен айналысатын елдердің экономикалары шатқаяқтай бастады, ең соңғы болып бұл ауыртпалық Қазақстанға да жетті.

«Билік талқылауға бюджеттен қаржы алатын ҮЕҰ-ны шақырады» - «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» басшысының сөзінше, халықаралық ұйымдардың грантын алған ҮЕҰ «шетелдің тапсырмасын орындаушы ұйым» дейтін күдікке әлі ілінеді.

«Бригададағы адамдардан жалғыз мен қалдым» - Бұрынғы Семей полигоны аумағы маңында тұратын 81 жастағы Төлеуғазы Төлахметұлы Азаттықпен сұхбатында ядролық сынақ кезіндегі өз көрген-білгендерімен бөлісті.

«Түрмедегі “Хизб ут-Тахрир" мүшесінің әйеліне жазған өлеңі» - Құқық қорғау ұйымы дерегінше, «Хизб ут-Тахрир» мүшесі, тұтқын Рафис Галиулинді қатал режимге ауыстырған. Әйелінің «ерімді азаптады» дегенін билік жоққа шығарды. Ал тұтқын жұбайына өлең жолдап жатыр.

ABAI.KZ. «Үкімет неге орынын босатпайды?» - Бәріміз деадамбыз. Пендеміз. Күніне басқа нешетүрліой келеді. Көптеген көріністерді көз алдыңнан өткізесің.

«Елбасы мен азаматтық қоғам – бір лагерьде» - Әдетте күз келе қоғам өмірінде саяси науқандар басталатын. Ал биылғы күз қаржылық дағдарыстан туған апалас-төпелестен басталар түрі бар.

«Тәуелсіздік тағдыры?... Қоғам болып бас қатырар уақыт келді!» - Бұл жердегі сөз етіліп отырған Тәуелсіздік біздің мемлекеттігіміздің ең басты байлығы. Оған қауіп төніп тұрғанын анау-мынау емес, елдің президентінің өзі айтты.

«Исаев: Теңге бұрынғы құнына қайта ие болады» - Бүгінгі ақпарат бойынша, әлемдік экономика ағынына тікелей ықпал етіп отырған мұнай шикізатының brent маркалысы барреліне 45 доллар болды.

ZHASALASH.KZ. «"Халықаралық дәрежедегi" жағымпаздық» - Алматылық Өрiкгүл Әдiлбекова “Владимир Путин" деген ән жазып, оны күйеуi Шәмiл Әбiлтаев нотаға салып өңдептi. Өрiкгүл Әдiлбекова деген авторды көпшiлiк бiле бермегенiмен, күйеуi – күйшi Шәмiл Әбiлтаевты жақсы бiледi. Содан да болар жұрттың “Шәмiл Әбiлтаев Путинге арнап ән шығарыпты" дейтiнi.

«Үкiмет пен Ұлттық банктiң iсi мен сөзi екi бөлек болып тұр» - Теңгеге сенгендер белшесiнен шығынға батты.

«Михаил Саакашвили: Қырымды басып алуды Путин осыдан 10–12 жыл бұрын ойластырып қойған-ды» - “Новая газетаның" шолушысы, жазушы Дмитрий Быков осы жақында ғана Грузияның бұрынғы президентi, қазiргi күнi Одессаның (Украина) губернаторы Михаил Саакашвилиден сұхбат алды.

28 тамыз 2015, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.