AZATTYQ. ORG «Nakanune.kz және “Республика" төңірегіндегі дау» - Nakanune.kz сайты иесі миллиондаған теңге өтемақы туралы сот шешімінің күшін жойдыруға тырысып жүр. Қудалауға «Республика» жобасы өкілдері де қарсы. Оларға БАҚ қорғау ұйымдары араша түсті.
«Ресейдің “азулы патриоттары"» - Ресейлік азық-түлік тауарларын өндірушілерді қорғауды желеу еткен орыс патриоттары кейде аузындағы тісін де аямайды.
«Белсенділер қудалаудан қорғану жолын іздейді» - Азаматтық құқық қорғаушылар мен белсенділер халықаралық ұйым өкілдерінің қолдауымен өздерінің қауіпсіздік коалициясын құрды. Олар «негізгі қатер - биліктен» деп мәлімдеді.
«Сирияда қаза тапқан қырғызстандық өзбек» - «Әл-Қаиданың» сириялық филиалының орыс тіліндегі басылымы White Minaret (Ақ мұнара) Қырғызстанда туып-өскен этникалық өзбектің экстремистік топқа қосылып, соғыста қаза тапқанын хабарлады.
ZHASALASH.KZ. «Теңгенi құлдыратқан – мұнай бағасы емес, үкiметтiң дәрменсiздiгi» - Бiр күннiң iшiнде еркiне жiберiлген теңге ары қарай қалай құбылады?
«Ахметов “айыпкер" атанды» - Оның ақ-қарасын тек сот анықтайды.
«Ядролық отын банкi – ел ертеңiне төнген тажал» - Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк 27 тамызда Қазақстанның Шығыс облысында ядролық отын банкiнiң ашылатынын мәлiмдедi.
«Е.Нарымбаевты босатуды талап етемiз!» - Қазақстан президентiнiң, үкiметi мен Ұлттық банк жетекшiсiнiң отставкаға кетуiн, зейнетақыны индексациялау, теңге бағамын 2014 жылғы қаңтардағы деңгейiне теңестiру, табиғи ресурстарды, оларды өндiретiн кәсiпорындарды мемлекет иелiгiне қайтару, жұмыстан жаппай босату мен қысқартуды доғару, ЭКСПО-2017 жобасынан бас тарту жөнiнде талаптар қоймақ екенiн Facebook әлеуметтiк желiсiндегi парақшасында хабарлаған қоғамдық белсендi Ермек Нарымбаевты тамыздың 20-сы күнi полиция ұстап әкеттi.
«Саят Нәдiрбаев: Қаржы полициясы менi Ермегияевқа қарсы түсiнiктеме беруге мәжбүрледi» - “ЕХРО-2017" Ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтiң жүргiзушiсi болған Саят Нәдiрбаевтың бас прокурор Асхат Дауылбаевтың атына жазған арызы қолымызда тұр.
QAMSHY.KZ «Нұрсұлтанның “Нұрлы жолы" халықты дағдарыстан алып шыға ала ма?» - Өткен жылдан бері құдайы қонағымыз болған девальвация қайта келіп, күтпеген қонақтай бәрімізді бір шулатты.
«Девальвация тұмауы қырғыздарға да жұқты» - Қазақстанның еркін валюталық айналымға көшу процессі көрші мемлекеттердің экономикасына да ықпал ете бастады.