AZATTYQ. ORG «Сарапшылар: Келімбетов “дәлізі" теңгеге тарлық етеді» -Экономистер доллар бағамының бүгінгі қымбаттауын нарықтың қалыпты реакциясы дейді. Кейбір сарапшылар келешекте «сырғымалы девальвация» болады деген пікірде.
«Теңге шамамен 30 пайызға құнсызданды» - Кеше теңгенің долларға шаққандағы бағамы 198-ге жеткен еді. Қазақстан валютасы бүгін кешегі құнынан тағы шамамен 30 пайыздайға құлдырады.
«Рахат Әлиевтің бұрынғы камераластары және Вена соты» - Вена прокуратурасы Рахат Әлиевтің бұрынғы камераластарын ақтау жөніндегі жергілікті сот шешіміне қарсы шағым түсірмек. Қаза боларының алдында Әлиев оларды «қорқытып-үркітті және бопсалады» деп айыптаған.
«Оппозициялық компартияны жапты» - Алматы қаласы соты шешімімен Қазақстан коммунистік партиясы жабылды. Саяси ұйым басшылығы «ақырына дейін» күреспек.
ABAI.KZ. «Доллар төңкерісі:енді елдің күнкөрісі не болады?» - Иә, теңге құнсызданды. Құнсызданғанда да оңбай құнсызданды. Кешегіні қосқанда 35 пайызға бір тәуліктің ішінде құлдырады.
QAMSHY.KZ «Мәсімовті қазақ етіп көрсету кімге керек?» - Жақында Today.kzсайтында «Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов ұйғыр емес» (Премьер-министр Казахстана Карим Масимов не уйгур) атты мақала жарық көрген болатын.