Атырау, 28 қараша 22:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Бізге жұрттың улы қалдығы қажет емес!»

2 279 просмотра

Image 1Қауіпті қалдықтарды кәдеге жарататын зауытты (пестицидтер мен улы химикаттарды) Атырау облысына салуға болады. Қазіргі уақытта үкімет осындай шешімге ыңғай білдіріп отыр, алайда жергілікті билік бұған үзілді-кесілді қарсы.

ПАВЛОДАР ҚАРСЫ ТҰРДЫ

Естеріңізге салсақ, өткен жылы үкімет Павлодарда қауіпті қалдықтарды кәдеге жарататын зауыт салу туралы шешім қабылдаған еді. Қаржы – 100 миллион доллар – республикалық бюджеттен және Дүниежүзілік банктің несиелік қаржылары есебінен қарастырылған еді. Бұл идеяны энергетика министрлігінің қалдықтарды басқару департаментінің бас сарапшысы Айдар МАХМЕТОВ халықаралық Ertysinvest форумында айтты:

- Бүгінде Қазақстанда қалдықтардың – берік органикалық ластаушылардың, өнеркәсіп өндірісі қалдықтарының көп мөлшері жиналып қалды. Атап айтқанда, Павлодар облысының аумағында да зиянды қалдықтар өте көп, қала маңында, ашық учаскелерде жатыр, олар шаруашылықта жоқ және тұрғындар үшін қолжетімді. Жылдар бойына жиналып қалған, ешкім оларды жоймаған. Жаңа зауыт бүкіл өнеркәсіп қалдықтарын, соның ішінде мұнай қалдықтарын, мұнай шламдарын, сонымен қатар зарарлы топырақты өртейтін болады.

Алайда павлодарлық жұртшылық қарсы шықты. Іс үлкен резонанс тудырып, үкімет павлодарлық нұсқадан бас тартты. Алайда құрылыс туралы мәселе ашық күйде қалды. Осы кезде Теңіз вахталық поселкесінің жанында мұнай қалдықтарын кәдеге жарататын зауыты бар ТШО мердігерлерінің бірі үн қосып: жаңа зауыт құрылысына қомақты қаржы жұмсаудың қажеті қанша, дәл осындай Теңізде де бар; жаңа талаптарға сәйкес жаңғыртса жеткілікті, ал бұған 100 млн доллардан анағұрлым аз қаржы кетеді, сөйтіп 2016 жылы қауіпті қалдықтарды осы жерде кәдеге жаратуға болады деді. Астанадан комиссия келіп, вахталық поселкеде Павлодарда салғысы келгенге ұқсас зауыттың бар екендігіне көз жеткізді.

- Әңгіме пестицидтер мен қауіпті улы химикаттар, берік органикалық ластауыштар туралы болып отыр. Олар ондаған жылдар бойына кәдеге жаратылмаған, олардың концентрациясы уақыт өте келе азаймайды, - дейді экологтар. – Пестицидтер ауыл шаруашылығында қолданылады, ал бізде өнеркәсіптік өңір. Біз өзіміздің мұнай қалдықтарымызды, мәселен, оңтүстік өңірлерге мәжбүрлеп бермейміз ғой. Біздің білуімізше, Атырау облысының әкімі де: жоқ, біздің өңіріміз ауыл шаруашылығы саласымен айналыспайды және пестицидтерге қатысы жоқ деген.

«ШКОЛЬНИК БІЗДІҢ КЕЛІСПЕЙТІНІМІЗДІ БІЛЕДІ»

Дегенмен де, кейбір республикалық интернет-БАҚ-тар Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Қадылжан САТИЕВТЫҢ сөзін келтіруде: «Атырау облысы анағұрлым климаттық, экономикалық жағдайлары, инфрақұрылымдары лайықты екендігін алға тартып, осындай зауытты өз өңірлеріне орналастыру мүмкіндігі туралы мәлімдеді. Қазір мұндай мүмкіндік белсенді түрде зерттелуде. Бұл тұрғыда Павлодар туралы әңгіме қозғалған жоқ. Бірақ қалай болғанда да соңғы шешімді энергетика министрлігі қабылдайтын болады».

Image 0

Біз облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВТАН ахуалға комментарий беруді өтінген едік. Ол былай деп жауап берді:

- Мен қолымды қойып, біз мұндай зауыттың салынуына үзілді-кесілді қарсымыз деген хат жолдадым. Әкім біздің кей кәсіпкерлеріміздің, ең болмағанда, бұл мұнай шламдары немесе мұнай кәсіпшілігі қалдықтары ма, ақша тапқысы келетінін айтты ғой. Бірақ әңгіме пестицидтар туралы болып отыр. Біз құжаттармен танысқан кезде, 10 мың тонна пестицидке дейін бізге осы жерге әкелуі тиіс екені анықталды. Біз бұл жерде оларды пайдаланбаймыз, оның не керегі бар бізге? Облыс әкімінің ұстанымы бұл тұрғыда қатал, ол мұны Школьник мырзаға айтып: менің бірінші орынбасарым хат жолдады – біз осы ұстанымда боламыз, деді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

18 тамыз 2015, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.