ZHASALASH.KZ. «Кәрiммен шай немесе үкiмет басшысының “тормозын" тексеру операциясы» - Мәсiмовпен шай iшу “науқанына" бiз “Жас Алаштан" Әмiрхан Меңдекенi жiбергендi жөн көрiп отырмыз. Өйткенi мемлекеттiк тiлдiң мүшкiл жайына мазасы қашып жүрген қаламгердiң iшiнде үкiмет басшысына деген қыжыл бар. Сосын тағы кiм? “Дат" жобасынан Ермұрат Бапидың барғаны дұрыс. “Кiлең тәуелсiз басылымдардың тепкiсiне берiптi" деген сөз тумау үшiн “Хабардан" Амангелдi Сейiтхан мен “Қазақстаннан" “Айтуға оңай" бағдарламасының жүргiзушiсi Бейсен Құранбек қатыссын. Сауалды Әбекең мен Ерекең қояды. Студия қонағының әр қимылын тележурналистер аңдып отырады. Қанша дегенмен КГБ-ның мектебiнен өткен жұлымыр емес пе, iшкен секiлдi болып, шайды иығынан асыра ытқыта салуы да мүмкiн ғой. Егер ондай қимылы байқалса, екi жiгiт: “Кәрiм мырза, аузыңыз ол жақта емес, мына жақта" деп микрофонды түзегендей кесенi тұмсығына туралап қояды.
INFORM.KZ. «Ресейге қатысты санкциялар Қазақстанға жанама әсер етуде - сарапшы» - Бөлім бастығының сөзіне қарағанда, негізгі әсер сыртқы сауда арналарына тиесілі болып отыр. Бүгінде Қазақстанның барлық импорт құрылымындағы ресейлік тауарлар мен қызметтер үлесі 33 пайызды құрайды. Ал біздің елімізден экспортталатын тауардың тек 9 пайызы ғана Ресейге барады.
TENGRINEWS.KZ. «Головкиннің ESPN телеарнасына қонақ болып барған кезіндегі видеосы пайда болды» - WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин ESPN телеарнасының SportsCenter студиясына қонақ болып барды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
AZATTYQ.ORG. "«Кавказ әмірлігі» содырлар ұйымы әлсіреді ме?" - Дала командирі Магомед Сулейманов қаза тапты деген ақпараттан соң, кейінгі тоғыз айда содырлары Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) ұйымына қосылып жатқан «Кавказ әмірлігі» жасағы әлсіреді деген үмітті деректер пайда болған еді. Бірақ ресейлік сарапшы Яна Амелина «Кавказ әмірлігі» содырлар жасағы жойылады деп дәмеленуге әлі ерте» дейді.
SKIFNEWS.KZ. «Алматы саяхатшылар үшін ең қымбат қала» - Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ресейлік саяхатшылар Алматыда орта есеппен бір тәулік ішінде 5 мың рубльге дейін шығын шығарады. Ресейлік қонақ үшін ТМД елдеріндегі ең қымбат қала – Баку болмақ. Онда тәулігіне 6 мың рубльден астам қаражат кетеді. Ал ең қолжетімдісі – Бішкек. Ол жерде тәуліктік шығын 1200 рубльге тең. Таяу шетелге саяхаттауда ең қымбат елдер қатарына Қазақстан мен Әзірбайжан жатқызылса, алыс шетелден қымбат ел деп Танзания (тәулігіне $250) мен Доминикан республикасы (тәулігіне $195) танылды.
TURKYSTAN.KZ. «Ыстықкөл мен Алакөлдің айырмасы» - Алакөл Қазақстанның екі облысының аумағында орналасқан. Біріншісі – Алматы облысы болса, екіншісі –Шығыс Қазақстан облысы. Алакөлге жиі баратын жұрттың айтуынша, оған қатынаушылар жол азабын бек тартатын көрінеді. Біздің таңдағанымыз, Алакөл ауданының Ақши ауылындағы жағалау болды. Көлдің бұл жағалауы тастақ, әдеттегіден тереңдеу екен. Ақшиге дейінгі төселген асфальттің сапасы сын көтермесе де, әйтеуір жолсызбен емес, жолмен қатынағаныңа тәуба дейсің. Бірақ, Ақшидің ішіне кіргеннен кейін, тозақты бек тартасың. Ақ шаңы көкке көтеріліп, көліктің шаңын қолқа қабады.
ALASHAINASY.KZ. «ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов Малайзия премьерімен құда болып шықты» - Атап айтар болсақ, кезінде «Қазақстан темір жолы» компаниясын басқарған Ерлан Атамқұлов пен Бейбіт Атамқұловтың бір-біріне немере ағайын екені анықталды.