Атырау, 19 желтоқсан 20:01
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Оппозициялық компартияны жапты». «Данила Северный». «Қытай қамалы – ұшқышсыз ұшақ». «Шенеунік болу менің жолым емес екенін ерте түсіндім...». «Ермек Тайчибеков өзіне тағылған айыптардың ойдан шығарылғанын мәлімдеді».

2 329 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Оппозициялық компартияны жапты» - Қазақстан коммунистік партиясын (ҚКП) жабу туралы Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі тамыздың 3-інде шыққан. Қазақстан коммунистік партиясы бірінші хатшысы Төлеубек Мақыжанов сот шешімін 10 күн өткеннен кейін алғанын айтады. Жабылатын партия басшылығы сот шешімінің «саяси астары бар» деп мәлімдеп, енді апелляциялық шағым түсірмек.

ZHASALASH.KZ. «Данила Северный» - Д.Ахметовтi саяси элита арасында неге “Данила Северный" деп атайды? Сұ­рақтың жауабына төтесiнен келейiк. Өйткенi ол қазақша жарытып сөйлей алмайды, қазақ тiлiне – қазақшылыққа шекедан қарайды, Өс­кемендi – Мәскеуге, орталық алаңын – Кремльге ұқсатуға тырысады, сыңарезу­ленiп солтүстiкке қарай тартып тұрады, қазақ қоғамы оны жақтырмайды...

TURKYSTAN.KZ. «Белгісіз аурудан қырылған малдың дертін мамандар неге жасырады?» - Еліміздің түрлі облыстарында қырылған төрт түліктің басым бөлігі таңертең ауырып, кешке өлген. Сондай-ақ, олардың барлығынан табылған бірдей белгі – ісініп, жүруден қалу. Демек, бұл өлген малдардың ауруы да бірдей деген сөз емес пе? Бірақ біздің билік әр түрлі сөйлеп отыр. Бірі малдардың жұқпалы дерттен қырылғанын айтса, екіншісі малдарға ешқандай да жұқпалы індеттің тимегенін айтуда.

JASQAZAQ.KZ. «Қытай қамалы – ұшқышсыз ұшақ» - Биыл мамыр айында АҚШ Қорғаныс ведомствосы Қытай Халық Республикасының 42 мыңнан астам ұшқышсыз ұшатын ұшақтар әзірлеу жөніндегі жоспарын жариялады. Қытай жылда бөлінетін әскери бюджеті жағынан тек Құрама Штаттарға жол береді. Болашақта қытайлықтар қарулы күштерін жаппай жаңалауға көшпекші. Бұл мақсатта өзге елдердің тәжірибесін белсенді түрде игеріп жатыр. Оның ішінде Пентагонның ұшқышсыз ұшатын құрылғыларын меңгеруге білек сыбана кірісті. 2013 жылы Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі бұл ұшақтарды есірткі сатушыларды қолға түсіру мақсатында пайдаланғаны жөнінде ақпарат тарады.

BAQ.KZ. «Жәнібек ханның дулығасы АҚШ-қа қалай жетті?» - "Кезінде еуропалық саяхатшылардың дулығаны Тибеттен алып кеткені анықталған. Кейіннен оған АҚШ-тың белгілі бір коллекция жиюшысы ие болады. 2007 жылы дулыға Нью-Йорктегі Метрополитен өнер музейіне тапсырылады. Дулыға болаттан жасалған, биіктігі 20-23 сантиметр, диаметрі 22 сантиметр, үшкір төбесі өткір қырлы, төменгі жиегінде араб әріптерімен ойып жазылған «Жеңімпаз сұлтан Махмұд Жәнібек» деген күміс жалатылған жазу бар. Ғалымдардың пікірі бойынша, дулығаны кавказдық немесе ирандық шеберлер дайындаған. Дулыға тарихи құндылығы бойынша Қазақстанда табылған 84 дулығаның ішіндегі алғашқы бестікке кіреді".

QAZAQUNI.KZ. «Дүниені дүрліктірген “Даиш": дақпырт пен шындық» - Америкалық «Wall Street Journal» газеті ИМ-нің (Ислам мемлекеті) Оңтүстік Шығыс Азияда, әсіресе, Индонезияда ықпалы күшейіп келе жатқаны жөнінде жазады. «Оңтүстік Шығыс Азиядағы мұсылман экстремистер арасында «Ислам мемлекетін» қолдаушылар саны тез өсіп барады, ал экстремистердің әсіре діншіл қағидаларды ел ішінде таратуына немесе теракт жасауына қарсы тұру үшін биліктің қолында жеткілікті заң тетіктері жоқ. Сарапшылар бәрінен бұрын Индонезияда қатер тым күшейіп тұрғанын айтады» делінген мақалада.

SERKE.ORG. «Ермек Тайчибеков психиатриялық сараптамаға жіберілді» - Жамбыл облысының Қордай аудандық соты «Қазақстан Ресейдің құрамына кіру керек» деген идеяны талмай қазақ қоғамына тықпыштап жүрген Ермек Тайчибековті мәжбүрлі түрде психиатриялық сараптамадан өткізу жөнінде шешім шығарды.

«Қулығын қылығымен жасырған әйел» - Мұхар Әбілязовтың заңгері Елена Тищенко жөніндегі ауқымды ақпарат БТА банктің талап арызы бойынша Лондонда өткен сот отырысында айтыла бастады. Мұнда ол Әбілязовтің мүддесін қорғап адвокат болды. Осы сотта Мұхтар Әбілязов БТА банктен жеңіліс тауып, сотқа жалған ақпарат бергені үшін 22 айлық түрме жазасына кесілді. Бірақ, ол түн жамылып, кезінде өзіне саяси баспана берген Англиядан қашып кеткен болатын. Оған қашып кету жөніндегі кеңесті заңгер Тищенконың бергені жөнінде дәлелді сөз айта алмаймыз. Дегенмен, Елена Тищенконың бұдан кейінгі күмәнді істері оның Әбілязовқа сондай бір ақыл айтқаны жөніндегі болжамды салмақты ете түседі.

NAMYS.KZ. «Ақ патшаны асқақтатып, Абылаймен жыртық жамап жатырмыз» - ІІ Николай өзі таққа отырған 1894 жылы басып алған өлке тұрғындарынан салық жинау туралы нұсқау қабылдап, оны Ішкі қауіпсіздік министрі бекітті. Салық жинаушылар тұрғындардың санын азайтып көрсетіп, артық жиналған салықты шенеуніктер өзара бөлісіп алып отырды. Ол аздай 1908 жылы полиция жанынан Омбы, Қызылжар, Верный, Әндіжан, Семей, Ташкент, Орал, Орынбор қалаларында тыңшылар бөлімі ашылды. Аталмыш бөлімнің міндеті – елдің ішіне үрей тудырып, жансыздар арқылы мал табу болды.

AIKYN.KZ. «Шенеунік болу менің жолым емес екенін ерте түсіндім...» - "Бұл 1968 жылдар еді. Содан Кеңес Одағы тарағанша біздің кейіпкеріміз КГБ-ның бақылауында болды. Ол қай жерде рухани орталық болса, мешіт болсын, шіркеу болсын баратын. «Америка дауысы», «Азаттық радиосы», «Неміс толқыны» сияқты шетелдік радио толқындарын тыңдайтын. КГБ-дағылар бұл радио желісін кімдер тұрақты тыңдай­тынын да есепке алып отырады екен. Бұл Сейдахмет Ырысқожаұлына кейіннен көп қиындық келтірді. Кей достары оған біртүрлі сезіктеніп қарайтынды шығарды".

NUR.KZ. «Ермек Тайчибеков өзіне тағылған айыптардың ойдан шығарылғанын мәлімдеді» - "Оның сөзіне қарағанда, «қазақтар мен Қазақстан туралы жазуды биылдан бастап доғарған, мұнан кейін де жазбайды». Ал «өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі ойдан шығарылған» деп есептейді."


17 тамыз 2015, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.