Атырау, 28 қараша 22:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Б.Ізмұхамбетов: "Сағадағы ау құралдарын анықтаймыз"

3 557 просмотра

14 тамызда Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ жергілікті актив алдында әкім болып қызмет атқарған үш жылдық және 2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы бойынша есеп берді.

"ДСҰ-НА КІРДІК, АЛ ӨНІМ ҚАЙДА?"

Өз баяндамасында ол облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалы туралы мәліметтерді атады. Егер қысқаша айтсақ, әкімнің айтуынша, біздің өңір негізгі көрсеткіштер бойынша соңғы үш жылда елімізде 1-2 орында келеді. Жергілікті билік қандай проблемаларды шешілмеген деп есептейді және оның қандай шара алатындығы қызығушылық тудырады. Бұл, атап айтқанда, Исатай, Мақат, Құрманғазы аудандарының даму қарқындарының төмендігі. ДСҰ-на кірдік, ал әлемдік деңгейде бәсекелесуге қабілетті өнімдер қайда? Осыған байланысты облыс әкімі өзінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВҚА, сондай-ақ, басқарма басшыларына, қалалық және аудандық әкімдерге "әр кәсіпорынмен нақты жұмыс жүргізуді" тапсырды.

Атырау қаласы әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВТЫҢ тарапына едәуір сөгістер айтылды.

- Лауазымды тұлғалардың жауапсыздығы салдарынан кейбір үйлердің құрылысы созылып кетті. Осыған байланысты, орынбасарым Т.ШӘКІМОВКЕ, қала мен аудан әкімдеріне құрылыс сапасына, аулаларды тамшылап суару арқылы көгалдандыру және үйлердің бірінші қаббатарының мақсатсыз пайдаланылуына қатаң бақылау жасауды тапсырамын. Қаланы көгалдандыруға қатысты тұрғындардың өтініші мен менің тапсырмам орындалмаған күйде қалды. Әлі күнге дейін үй құрылысына бөлінген жер телімдері бойынша ұғыну қиын болып отыр.

Заң бұзушылықтар арасында облыс әкімі игерілмеген жерлердің жеке иелікке заңсыз берілуін, жер телімдерін беруде кезектіліктің сақталмауын атап өтті.

ТАПСЫРМА ОҢТҮСТІК БАҒЫТТА

Биыл Ақжар, Дамбы, Бірлік, Ақсай, Жұлдыз-3, Тасқала-3 поселкелерінен жер телімдерін бөлу жоспарланған. Ол жерлерге коммуникация жүргізілген. Жер телімдерін бөлу кезінде заңның қатаң сақталуын бақылау Ғ.Дүйсембаев пен аудан әкімдеріне тапсырылды.

Баяу дамушы елді мекендердің бағдарламаларын орындау шеңберінде екі жылдық облыстық бюджеттен 6 млрд теңгені билік Индер мен Доссор және Жанбай селосына жолдамақшы. Биыл Доссор поселкесінде 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталады. Сарғұнанов атындағы мектеп құрылысы басталды, тапсыру уақыты - 2016 жыл. Желтоқсанда Болашақ, Құрылысшылар, Восток ықшамаудандарында газ және электр желілерінің құрылысы аяқталады. Желтоқсанда "Қарлығаш" балабақшасын күрделі жөндеу аяқталады. Доссорда көше жарығын, көлік жолдарын күрделі жөндеу, жаяу жүргінші жолдарын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасалуда. Кәріздік сорғы станциясы мен коллектр құрылысы, сондай-ақ су жинау мен тарату жүйесін салу қарастырылуда.

Жанбай поселкесін дамытуға биыл 1 млрд теңгедей қарастырылды. Село ішіндегі ұзындығы 6,7 шақырым көлік жолдарын және 1,8 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеу қарашада аяқталады.

"Ақ бұлақ" бағдарламасына енгізілген бүкіл селоларды су құбырына қосу, ауыз сумен қамту және жыл аяғына дейін №5 су тазарту станциясы құрылысын аяқтау, сондай-ақ №2 су тазарту станциясын жаңғырту барысына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.НАҚПАЕВҚА және қала әкімі Ожаевқа тапсырылды.

- Нұрсая, Көкарна, Құрманғазы ықшамаудандарын және Атырау қаласының оңтүстік бағыттағы мекемелерін тұрақты электр қуатымен қамту мақсатында 2010 жылы үш қосымша трансформатор іске қосылуға тиіс болды. Алайда олар әлі күнге дейін қосылмаған. Ол жерде уақытша электр қуатын пайдалануда. Қаланың оңтүстік бөлігіне тұрақты электр қуатын қосуға және қамтылуына бақылау жасау 2015 жылдың жылыту маусымы басталғанға дейін қала әкімі Ожаев пен менің әкімім Нақпаевқа тапсырылды.

ЖОЛДАР, МЕКТЕПТЕР, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

Азғыр аймағының 10 елді мекенін газдендіру бойынша жұмыстар басталды. Қазір жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыстың басталуы күзге жоспарланды.

ТКШ-ның жаңғырту бағдарламасы шеңберінде қалада 70 шақты үй жөнделді. Биыл жұмыстар 7 үйде жалғасады.

- Мойындау керек, осы пайдалы істің белгілі бір қиындықтары бар. Кейбір мердігерлер үйді сапасыз жөндеді, тұрғындар наразы. Алайда, қайталап айтамын, баспананы жаңғырту - ескі үйлерді қалпына келтіру әдістерінің бірі.

Соңғы жылдары 500 шақырым жол жөнделді. Жыл аяғына дейін тағы 119 шақырымды жөндеу жалғасатын болады. Енді негізінен Атырау қаласының жолдары қолға алынатын болады.

Махамбет селосындағы Жайық арқылы өтетін көпір 2016 жылы пайдалануға беріледі.

Биыл 2012 жылмен салыстырғанда оқушылар саны 11 мыңға көбейеді деп күтілуде.

Осы жылдар ішінде мектепке дейінгі білім беретін 7 477 орындық 79 мекеме, 2 988 орындық 9 мектеп пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін бір мектеп пен бір мектеп жанындағы 70 орындық интернат, 4 балабақша тапсырылады.

- Кәсіпкер Мағауия МЕРҒАЛИЕВ Құлсарыда 400 млн сомаға 165 орындық балабақшаны пайдалануға бермек, Бағытжан ДОСТАНОВ құны 80 млн теңге тұратын спорт залын салуда. Облыс тұрғындарының атынан шынайы алғыс білдіремін.

Білім саласын қозғаған әкім соңғы екі жылда облысымыз ҰБТ бойынша төменгі көрсеткіштер көрсетіп отырғанын атап өтті:

- Бұл ахуалды ештеңемен ақтау мүмкін емес. Мен баллдарды көрінеу көтеруге қарсымын. Сондықтан білім беру басқармасымен, қалалық және аудандық әкімдермен бірігіп, кешенді шаралар алу керек. Орынбасарым Шыңғыс МҰҚАНҒА тапсырамын.

Жұмыссыздық туралы. Әкім мұнай бағасының төмендеуіне байланысты кейбір жобалардың тоқтатылуы еңбек нарығында қиындықтар тудыратынын атап өтті. Бүгінде жалпы саны 115 мың адам жұмыс жасайтын кәсіпорындармен Жұмыс орындарын сақтау жөніндегі меморандум жасалған. Б.Ізмұхамбетов жоғарғы оқу орындары мен колледждерді нарықты мұқият зерттеп, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен және жұмыс берушілермен өзара тығыз байланысты жолға қоюға шақырды. Нақпаевқа қала мен аудан әкімдерімен бірігіп, тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтудың кешенді жоспарын жасауды тапсырды.

ЖҰМЫРТҚАНЫҢ САЛМАҒЫ ҚАНША?

Баяндамадан кейін пікір айтып, сұрақтар қою ұсынылды. Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Әлия БЕКҚОЖИЕВА кәсіпкерлер бетпе бет келген салмақты проблеманы атады: Егжей-тегжейлі жобалау жобасының болмауы салдарынан өз жобаларына жер телімдерін алудың мүмкін еместігі.

- Бұл жаңа нысандардың салынуына, жаңа кәсіпорындарды құруға кедергі болып отыр. Осы мәселені шешуге көмектесуіңізді өтінемін, - деді Бекқожиева.

Әкім анықтауға уәде берді.

Залдан қағазға жазылып жолданған сұрақ: әкім сынға қалай қарайды?

- Сындарлы сынды түсіністікпен қабылдаймын, - деп жауап берді әкім. Содан соң жалғастырып: Бүгінгі ахуалға барша жан риза ма деген сұрақ туындайды? Жоқ, бәрі емес. Көптеген жас отбасылар, апатты үйлер мен жатақханалардың тұрғындары әзірге лайықты баспана алған жоқ. Ауылдық жерлерде, қала маңындағы поселкелерде көшелердің көбі асфальтталмады. Кей адамдар өздеріне, олардың көзқарасынша, лайықты жұмыс таба алмайды. "Экономиканың жақсарғанынан не пайда - мен бұрын қалай өмір сүрсем, әлі солай кедейлікте өмір сүріп жатырмын" дейтіндер бар. Ал бұл адам ең болмағанда өзім үшін, өз отбасым үшін не жасадым деп ойлана ма екен? Кейбіреулер позитив көргісі келмейді, жасалған нәрсеге күйе жағуға тырысады. Мынадай мысал келтірейін. Бірнеше көше жөнделсе, басқа көшелер жөнделді дейді. Жолжиектер гранитті түрімен ауыстырылды - қырлары өткір, дөңгелектерді кесіп кетеді деп сын айтады. Құс фабрикасы салынды - жұмыртқалар стандартты емес дейді. Алайда қазір ғана олардың стандартқа сай келетінін, салмағы 36 грамм екенін айтты (залда ду күлкі). Өз басым олардың салмағы қанша болуға тиіс екенін білмеген едім... Бір білетінім, бұл жұмыртқалар 100 теңгеден өткізіледі, экологиялық таза, балғын. Санамалап айта беруге болады. Егер әрбір адам ең болмағанда біреу үшін жақсы жасауға тырысса, көпшілік бақытты болар еді (ду қол шапалақ)... Сын болмай, мін түзелмейді. Қазір залда қол соқпай отырғандар, бәлкім, менімен келіспейтін шығар, бірақ мен ренжімеймін. Біз тырысуға тиіспіз. Бастысы, демократияны демагогикамен, ал сынды өсек-аяңмен шатастырып алмау керек.

ЖЕКЕЛЕГЕН АУЛАЛАРДАҒЫ ЖҰМАҚ

Айтарлықтай экономикалық ахуалға қатысты:

- Елбасы республикалық қаржыдан отбасылық бюджетке дейін үнемдеуге шақырады. Біріншіден, біз электр энергиясын веерлі ажырату мен ауыз суды шектеу туралы ұмыттық. Халықтың кірісі тарифтен жылдам көбейіп жатыр. Ал нәтижесінде біз электр қуатын да, суды да үнемдемейміз. Екіншіден, қала шетінде ғана емес, қаланың өзінде де тұрғындар қоқысты көшеге лақтырады. Бөтелкелер, баклажкалар жол жиегінде шашылып жатады, пакеттер ұшып жүреді. Қала үнемі таза болу үшін мемлекет есебінен жұмысшылардың көп бөлігін ұстауға тура келеді. Үшіншіден, адамдар өрт қауіпсіздігін сақтауға көбірек көңіл бөлуге тиіс. Жыл басынан бері көптеген жеке үйлер өртенді, әсіресе, Қызылқоға ауданында. Адамдар өз үйлеріне жылдар бойына дәулет жинайды, ал салдыр салақтықтың салдарынан бір сәтте бәрінен айырылады. Төртіншіден, меншік үйлері бар тұрғындарға айтарым: ауланы көгалдандырумен айналысыңыздар. Атырауда керемет үйлер мен коттедждер бар, бірақ қалаға ұшып келген кезде биіктіктен бірде бір бұтасы жоқ жалаңаш телімдерді байқауға болады. Алайда кейбір үйлер жасыл-желекке оранған, демек, қаласаңыз үйіңізді гүлдендіруге болады деген сөз.

«РЕЗИДЕНЦИЯ БОЙЫНША ӨЗГЕРІС БОЛМАЙДЫ»

- Ғаламторда жауапсыз адамдар нақты қауіпті бүкпелеген қауесеттерді таратып жүр. Whats App арқылы келген банктер туралы немесе мәселен, Алматыдағы сел тасқыны туралы фотосуреттер туралы жалған смс-хабарламаның неге әкеліп соққанын өздеріңіз білесіздер. Осы секілді теріс ақпаратты таратушылардың барлығы ұсталды. Бүгін заманауи технологиялар кез-келген ақпарат көзін бақылап, табуға мүмкіндік береді. Бізде де осындай мүмкіндіктер бар. Біз әзірге мұндай шаралар алмаймыз. Бірақ біз ойланатын боламыз.

Әкімге "АЖ"-дан қойылған сұрақтар:

- Бүгінде өзен сағасына салынған ау құралдары жөнінде анықталған нәрсе бар ма?

- Мен сіздердің мақалаларыңызды бір апта бұрын оқыдым. Өзіңіз білесіз, осы күндерде мен Индер ауданына бардым, содан соң біз бірнеше инвестициялық жобаларды аштық, осы есеп беруге әзірлендім... Ашығын айтайын, әзірге анықтап үлгерген жоқпын. Уәде берген екенмін - орындаймын. Мен берген уәдемнің бәрін орындауға тырысамын.

- Резиденция маңындағы жағалаудың қоршауларына қатысты: жұртшылықтың табандылығына байланысты сіздің ұстанымыңыз өзгерді ме?

- Бұл қоршау маған дейін болды. Сын айтыла бастаған кезде, мен бастапқыда өтетін жерді ашқан едім, бірақ нәтижесі жақсы болмады: ол жерге жастар жиналып, күн сайын таңертең менің адамдарым ол жерден ондаған ішімдік бөтелкелерін жинап алатын болды, тәртіпсіздіктер басталды. Сіз бұл резиденцияның не үшін екенін білесіз, мен бір кездері түсінік берген едім. Сіз менің ұстанымым өзгерді ме деп сұрадыңыз. Жоқ, өзгерген жоқ.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор

15 тамыз 2015, 23:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.