Атырау, 28 қараша 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Гранттан құр қалғандар

3 455 просмотра

Image 0Көрнекі сурет Биыл мемлекеттік білім беру гранттарын алуға байқау нәтижелері ҰБТ-да өз білімдерін дәлелдеген кейбір «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері мен халықаралық ғылыми олимпиада жүлдегерлері үшін жағымсыз тосын сый болды. Олар беделді жоғарғы оқу орындарының грантына қабылданбады. Алайда бұл ҰБТ туралы ережеге қарама-қайшы. Атырау облысында да осындай мысалдар бар.

«МИНИСТРЛІККЕ ЖҮГІНУ КЕРЕК»

Бізге облыстық білім беру басқармасындағылар хабарлағандай, Атырау облысында бүкіл «Алтын белгі» иегерлері тегін оқуға гранттар алған, ал олимпиада жеңімпаздарына қатысты ахуал мүшкілдеу.

– Иә, бізге грант алмағандардың ата-аналары хабарласты. Бірақ біз тек балалардың құжаттарын қабылдап, ҰБТ-дан босатылатындығы туралы сертификаттарды ғана бердік. Онда оларға автоматты түрде жоғарғы ықтимал 125 баллдың 125-і берілетіндігі көрсетілген. Гранттарды бөлумен білім және ғылым министрлігінің республикалық комиссиясы айналысты. Түсінік алу үшін сол жерге жүгінген жөн, - дейді облыстық білім беру басқармасының оқу бөлімінің меңгерушісі Роза ҚАБДОЛОВА.

Білім беру министрлігінің оқыту сапасын бақылау жөніндегі Атырау облыстық департаментіндегілер де бізге ахуалды түсіндіріп бере алмады.

– Бізге түлектер де, олардың ата-аналары да хабарласқан жоқ. Бірақ бұл проблема шешіледі деп ойлаймын. Бір жерлерде жергілікті атқарушы органдардың күшімен, бәлкім, гранттарды жоғарғы оқу орындарының өздері бөлетін шығар (ректорлық гранттар). Бәлкім, дарынды түлектерді олардың оқу ақысын төлейтін кәсіпорындар өз қамқорлығына алар, - дейді оптимистік тұрғыда департамент басшысының міндетін атқарушы Амантай ХУСУНОВ.

– Халықаралық байқауда жеңімпаз болып, ҰБТ-дан босатылған жиенім тіпті фамилиясының әлдебір жерде көрініп қалғанын қаламайды да. Өйткені оның өзі де, бүкіл сыныптастары мен таныстары да оған сертификаттың еліміздің үздік жоғарғы оқу орындарына түсуге құқық беретіндігіне сенімді болатын. Ал енді ол өзін алданып қалғандай сезінеді. Еріксіз оның өзі де грант алдым деп басқаларды алдағандай болып шықты. Бүгін ол ата-анасымен Алматыға кетті. Ол сол жақта оқимын деп жоспарлаған еді. Бәлкім, тікелей жоғарғы оқу орнының өзінен грант алудың сәті түсер, - деп әңгімелейді түлектердің бірінің тәтесі.

Сөйтсек, тек 12 тамызда АМУ ғимаратында жұмыс жасайтын мемлекеттік қабылдау комиссиясына осындай проблемамен төрт адам хабарласыпты. Комиссияның жауапты хатшысы Ләйлә ҚОЙШЫҒҰЛОВАНЫҢ айтуынша, олардың өздері де байқау нәтижелеріне қатты таң қалған. Оның үстіне түлектер құжаттарын бірден 4 жоғарғы оқу орындары мен 4 мамандыққа қатарынан беруге болатын еді. Мәселен, атыраулық түлектердің бірі Астана медициналық университеті мен Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясына «Стоматология» және «Жалпы медицина» мамандықтарына құжаттарын тапсырған. Стоматологияға әдетте гранттарды аз бөледі, биыл бар болғаны 50 орын болған. Алайда түлектің «Жалпы медицина» мамандығына ілігуге бар мүмкіндігі болған. Өткен жылы 86 балл жинаған талапкерлер өткен, ал биыл 100 балл жинаған балалар өтпей қалған.

– Бірақ дерекқордағы бүкіл деректер дұрыс толтырылды, қателіктер жоқ. Грант ала алмаған түлектердің барлығына білім беру министрлігіне шағымдануға кеңес береміз, - дейді Ләйлә Ерболатқызы.

БАҒДАРЛАМА – ЖАҚСЫ, АЛ ЗАҢ ШЕ?

Жоғары баллдары бар түлектердің кейбірінің грант ала алмауының ықтимал себептерінің бірі деп - «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасының енгізілуін атайды. Бағдарламаның мақсаты - еңбек ресурстары артып тұрған оңтүстік өңірлердің (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жастарын оқытып, жұмысқа орналастыру, еліміздің кейбір өңірлерінде қадр тапшылығы өте өзекті.

Бағдарламаның іске қосылғанына екінші жыл болды. Егер өткен жылы ол тек педагогикалық мамандық бойынша жүзеге асырылса, бағдарламаның қазіргі бағыты инженерлік-техникалық, ауылшаруашылық және ветеринарлық мамандықтарды да қамтып кеңейді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, биыл мемлекет 32 168 грант бөлді: 2 500 орын жоғарғы оқу орындарының дайындық бөлімдерінің арасында және 29 668 – бірінші курстар үшін. Білім гранттарын алу байқауына 67 377 адам қатысты. Соның ішінде қазақ тілінде оқыту бойынша 53 162 адам, 14 215 – орыс тілінде. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасының шеңберіндегі квота – 6 457 орын.

Мемлекеттік тапсырыс құрылымы кейбір өзгерістерге ұшырады, әлеуметтік-экономикалық блок, соның ішінде агроөнеркәсіп кешені мамандықтарына басымдық берілді. Аталмыш басымдықтар есебімен 12,6 мың грант техникалық және технологиялық, 6 мыңдайы – педагогикалық, 2 690 – ауылшаруашылық және ветеринарлық мамандықтарды оқыту үшін қарастырылды. Байқау өткізу жөніндегі барлық құжаттарда үміткерлердің әсіресе қандай санаты білім грантын алу құқығына ие екендігі белгіленген. Олардың арасында: «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми сайыстардың жеңімпаздары бар.

Алайда, бұл үнемі іске аса бермейді екен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 тамыз 2015, 18:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.