Атырау, 15 қаңтар 10:38
 ашықВ Атырау -1
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Жұмыс орныңыз сақталмайды

1 267 просмотра

- Әскери борышымды өтеп келген соң, бұрынғы жұмыс орным заң бойынша сақтала ма?

Телефон арқылы

Бұл сауалға заңгер Анар БАЛАПАН былай деп жауап берді:

- Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 58-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, қызметкердің әскери қызметке арнайы шақыртылуы– тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша еңбек шартын тоқтату негіздерінің бірі ретінде қарастырылған.

Қолданыстағы еңбек қатынастарын реттейтін заң талаптарында қызметкердің әскери міндетін атқаруға шақыртылуына байланысты олардың жұмыс орнының сақталуы көзделмеген.

Аталған Кодекстің 149-бабында мерзімді әскери қызметін өтеп келген қызметкер мерзімді әскери қызметке шақырылғанға дейін жұмыс істеген кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде артықшылық құқыққа ие болатыны көрсетілген.

26 қазан 2011, 19:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.