Атырау, 28 қараша 21:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қайда? Қарағанды мен Атырауда

3 967 просмотра

Бүгін 12 тамызда Атырауда «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-нің талшықты-оптикалық кабель шығаратын зауытының ашылу салатанаты өтті. Бұған дейін Қазақстанда оптика шығаратын зауыт тек Қарағандыда болды.

Шараға облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ, кәсіпорынның бас директоры Семен ХВАН, сондай-ақ сенаторлар Қайрат ИЩАНОВ пен Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ қатысты.

«СҰРАНЫС ӨТЕ КӨП»

Жоба «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының өңірлік индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылуда және мемлекет есебінен 7 пайыз мөлшерлемеде субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау алады, оны РБК банкі қаржыландырады. Жоба құны - 715 млн теңге.

Негізгі мақсат – Батыс өңірінде талшықты-оптикалық кабель өнімін өндіруді игеру. Мемлекеттік мекемелер мен телекоммуникация, көлік, құрылыс, мұнай және газ кәсіпорындары мақсаттық топ болмақ. Басшылық 50 адамды жұмыспен қамтуға уәде беріп отыр. Зауыт қуаттылығы – бір ауысымдық жұмыс кезінде жылына 4 500 км оптикалық кабель, үш ауысымдық жұмыспен 11 000 км кабель өндірмек. 2017 жылы құрамында мыс бар кабель өнімдерін шығаруға арналған қосымша екі цех құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

«ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС бас директоры С. Хванның айтуынша, Қазақстанда кабель өніміне сұраныс өте жоғары екен. Негізгі тұтынушы Қазақтелеком болмақ, онымен 3 млрд теңгеден астам сомаға екіжылдық келісімшарт жасалып қойған.

Бұдан басқа біз Алма ТВ, Қазтранском, құрылыс компанияларына шығамыз, алдағы уақытта мысты кабель шығаруды жолға қоямыз. Сұраныс өте көп. Мәселе мынада, кабельдің өз мерзімі болады, оны белгілі бір уақыт өткеннен кейін ауыстыру керек. Оның үстіне, қазір мысты кабель талшықты-оптикалық түріне ауыстырылуда, өйткені қазір талап басқаша: интернет, байланыс, жылдамдық және т.б. бар, - дейді С.Хван.

Оның айтуынша, зауыт Қазақстандағы бүкіл сұраныстың 25-30 пайызын жабуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын үшін жабдықтар Қытайдан сатып алынған және 1 млн 300 долларға шыққан:

Біз ондаған миллион доллар тұратын еурпалық жабдықтарды сатып ала алмаймыз, өйткені шығынның орнын өтеу мен қаржыны қайтару мәселесі бар. Оның үстіне біз осы келешегі бар бағытта жұмыс істеуді енді ғана үйреніп жатырмыз. Бірақ біз есептедік: оптикалық-талшықты кабель бойынша қытайлық жабдық тұрақты түрде 5 жыл бойына жұмыс жасай алады. Содан кейін жабдықтың өзі техникалық параметрлерге әсер етпейді. Бұл жерде бастысы материалдар: егер материал сапалы болса, онда кабель де соған лайық болады. Ал материалдарды біз Еуропадан, АҚШ-тан, Жапониядан алдырып қолданамыз – бұлар полиэтилен, бояғыштар, талшықтың өзі.

Өзіндік құнға қатысты Хван былай деп атап өтті:

Мен өнімнің өзіндік құны бойынша тіпті Ресей өндірушілерінен күрт айырмашылықта болмаймыз деп ойлаймын. Кабель – бұл материалдың құны. Жұмыс, электр қуаты өзімізден, салық салу да Ресейге қарағанда анағұрлым оңтайлы. Сондықтан біз олармен бәсекелес бола аламыз деп есептеймін. Бізде тіпті Қытаймен бәсекелес бола алатын бар мүмкіндіктер бар.

С.Хванның айтуынша, кәсіпорындағы мамандар қатарына меморандум жасалған жергілікті политехникалық колледждің, сондай-ақ Атырау мұнай және газ институтының түлектерін іріктейді:

Біз Мұнай және газ институтында болдық, қыркүйекте олармен де меморандум жасаймыз деп ректормен келісім жасадық. Олар бізге топ әзірлеп береді.

Зауыт жабдықтарды бейімдей бастады, жыл аяғына дейін жоспарлы көлемнің 30-40 пайызына, ал келесі жылы – 70-80 пайызға шығуды жоспарлап отыр.


«ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША БҰЛ ЗАУЫТ БІРЕГЕЙ»

Image 5Атырау ОТД бас директоры Ерсайын ДҮЙСЕМАЛИЕВТЫҢ (суретте) айтуынша, талшықты-оптикалық кабель шығаратын Атырау зауыты жоғары технологиялық өндіріске жатады:

– Талшық дайындау – жоғары технологиялық өндіріс. Оны кез-келген компания қолға алмайды. Өйткені оның негізі әйнек шыны, бәрі де оның тазалығына байланысты. Ал өткізу қабілеті берілетін сигналдың сапасы мен жылдамдығына әсер етеді. Талшықты кабель бойынша жарық сигналы, лазер сәулесі өтетін айта кету керек. Тиісінше, жылдамдық өте жоғары. Бұдан басқа, мыс кабельмен салыстырғанда оптикалық кабель талшықты жағалай бірнеше каналдар ұйымдастыруға болатыны үшін жоғары өткізу қабілетін қамтамасыз етеді. Сондықтан технологиясы жағынан бұл зауыт бірегей, мен шынымен де тұтынушы және азамат ретінде бізде Қазақстанда осындай жоғары технологиялық өндірістің ашылып жатқанына өте қуаныштымын. Біз жеткізу бойынша келісімшарт жасадық. Негізгі тұтынушы боламыз. Бұған дейін Қарағанды зауытынан сатып алатын едік. Жыл сайын біздің сұранысымыз түрлі сыйымдылықтағы 2500 км-ден астам оптикалық кабельді құрайды.

Енді арзандау шыға ма?

– Ең алдымен тасымалдау есебінен арзандау болады, өйткені зауыт қасымызда, жеткізу құны мүлдем енгізілмейді.

Image 1Аслан МҰХАНҒАЛИЕВ (суретте), Атырау политехникалық колледжінің түлегі, грант бойынша оқып, шәкіртақы алған. Зауытқа бір апта бұрын кабельдің беріктігін тексеруші оператор қызметіне стажер ретінде қабылданған. Стажировкасы төленеді – 50 мың теңге. Егер үш айдан кейін жігіт сынақтан өтсе, басшылық оны 70-80 мың жалақымен жұмысқа алуға уәде беріп отыр.

Қиын ба?

– Игеруге болады, жақсы оқытады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор

12 тамыз 2015, 19:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.