AZATTYQ. ORG «Дағыстандық “содыр бала" қаза тапты ма?» - Мамырда интернетте ИМ содыры саналған баланың «Ирак тыңшысы» деп бір кісіні атып тастаған жан түршігерлік видеосы шыққан. Енді сол бала әуе шабуылынан қаза тапты деген ақпарат тарады.
«Путин президент болғысы келмеген» - Ресейде «қаржылық алаяқтық жасады» деп айыпталып, елден кетуге мәжбүр болған, ал бұрын жоғары лауазымды қызмет атқарған Сергей Пугачев «әу баста Владимир Путиннің президент болуға келіспегенін» айтады. Бірақ ол «Путин кейін сұмдық клептократиялық билік қалыптастырды» дейді.
ZHASALASH.KZ. «Серiктiң соты» - Үкiметтiң бұрынғы басшысы Серiк Ахметовтiң үстiнен қозғалған қылмыстық iске байланысты өткен аптаның дүйсенбiсiнде басталған сот процесiн ел осылай атап үлгерiптi.
«Қостанайдың соты қазақ тiлiн жығып бердi» - Шiлденiң 30-ы күнi Қостанайдағы ауданаралық мамандырылған сотта жәбiрленушi Ақтолқын Жәнiбекова мен жәбiрлеушi МАИ қызметкерi Дәулет Досмаиловтың iсi қаралды.
«Ақылға қонбайтын шешiм шығарды деп есептейдi» - ҚР Бас прокуратурасы Вена сотындағы алқа билердiң Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошлякқа шығарған үкiмдерiн ақылға қонымсыз деп есептейдi.
«Зергер неге оққа ұшты?» - “Ол өзiнiң бүйрегiн туған бауырына беруi тиiс едi". Анасы осылай жоқтаған Дмитрий Яковенконы Талдықорған қаласының полиция қызметкерi табельдiк қаруымен атып, қайтыс болды.
«"Көк өгiздiң" мүйiзi талса...» - “Жер сiлкiнедi" деп жұртты дүрлiктiрiп жүргендердiң не бiлгенi бар?
«Әкiмнiң тiлi» - Ауылдың жұрты саясаттан бейхабар деп ойласаңыз, оңбай қателесесiз.
«Ресейдiң “протон" зымыраны...» - Зәремiздi ұшыра бере ме?
«Үнемдеудiң бiр жолы: сағатқа – әтеш» - Президент үнем жайлы айтқан сайын ауылдағы ағайынның қабағы қыржың ете қалады.
«Қытай келiмсектерiнiң күрт көбейгенi – үлкен қауiп» - Қазақстанның өз азаматтары екi қолға бiр күрек таппай қиналып жүр.
«Ксения Собчак: “Борис Немцовтың өлiмiнен кейiн мен де қорқайын дедiм..."» - Ресейдiң белгiлi тележүргiзушiсi Ксения Собчак жақында Батыстың “Свобода" радиосына сұхбат бердi. Ендi осы сұхбатты ықшамдап назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдiк.
«Екi таңдау: үнсiз қалу немесе батыл айту» - Немцовтың қызы Лех Валенса атындағы сыйлықтың иегерi атанды
«Елден қашқан ресейшiлдер Украинаны “құтқармақ"» - Былтырғы жылы Украинадағы “Еуромайданнан" кейiн Ресейге қашқан бұрынғы премьер-министр Николай Азаров Украинаны құтқару комитетiн құрды.
«Былыққа батқан бiлiм саласы реформалар жасаумен алға баспайды» - Елiмiздегi әрбiр сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алтыншысы бiлiм беру саласында орын алады.