Атырау, 27 қараша 17:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ҚР бірқатар медициналық нысандары отандық және шетелдік жеке компаниялардың басқаруына беріледі

4 023 просмотра

Image 0Астана. 4 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанның денсаулық сақтау саласының бірқатар нысандары отандық және шетелдік жеке компаниялардың басқаруына беріледі, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Мемлекеттік инвестициялар концессия мен МЖӘ (мемлекеттік жеке меншік әріптестік) қолдану шектелген, МЖӘ-ні дамытудың экономикалық тиімділігі жоқ салаларда, сондай-ақ саланың дамуы үшін стратегиялық мәні бар секторларда (ана саулығы, туберкулез, АҚТҚ және т.с.с) денсаулық сақтау желісін дамытуға жоспарланатын және бағытталатын болады. МЖӘ тетіктері бойынша, соның ішінде мемлекеттік меншік нысандарын сенмігерлікпен басқаруға беру, жекешелендіру, нысандарды концессия үлгісі бойынша салу немесе жөндеу негізінде, іске асыру үшін нысандардың анық тізбесі қалыптастырылады. Бұл ретте төмендегілерді көздейтін МЖӘ-тің түрлі нысандары іске асырылатын болады: жеке меншік медицина ұйымдарының ТМККК және МӘМС қызметтерін, соның ішінде жоғары мамандандырылған көмек көрсету бойынша қызметтерді, ұсынуға қатысуын кеңейту, ол кезек күтуді қысқартуға, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын көтеруге мүмкіндік береді», - делінген денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналға н «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының төлқұажтында.

«Бұл ретте, мемлекеттік қызмет берушілер үшін де, жекелер үшін де тең экономикалық жағдай жасалатын болады; медициналық және медициналық емес (зертханалар, радиологиялық қызмет, тазалау, тамақтану, материалдық және материалдық емес құндылықтарды сатып алу, медициналық техниканы күтіп ұстау және т.б) қызметтердің белгілі бір түрлерін аутсорсингке беру; республикалық және жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарын жеке меншік компаниялардың, соның ішінде шетелдік компаниялардың, басқаруына беру; мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын ж екешелендіру», - деп көрсетілген төлқұжатта.

Көрсетілетін қызметтері бәсекелес ортаға берілетін ұйымдардың тізбесі жаңартылатын болады.

Мембағдарламаның төлқұжатында атап көрсетілгендей, өңірлер мен медициналық көмек көрсету деңгейлерінің шегінде инфрақұрылымды дамытудың бірыңғай перспективалы жоспары әзірленіп, бекітіледі (Мастер-жоспары). Біртұтас құрылымға сай болатын, денсаулық сақтау ұйымдарының желісі, жоспарланып отырған қайта құрылымдау (ашылу, бірігу, жабылу, қайта бейінделу) жөніндегі ақпаратты, нысандарға қажеттілікті (қосымша нысандар салу және айырбастау) көрсететін өңірлердің жеке перспективалық жоспарлары денсаулық сақтауды ресурстық дамытудың негізіне айналады.

«Олардың негізінде өңірлердің ерекшеліктері мен халықтың медициналық көмектің нақты түрлеріне қажеттілігін ескеретін ұйымдар желісінің жаңартылған нормативі жасақталатын болады. Мастер-жоспардың негізінде, ең алдымен, жеке инвестицияларды ынталандыру және тарту, МЖӘ басымдықпен дамыту негізінде денсаулық сақтау желісін инвестициялық жоспарлау және дамыту жүзеге асырылатын болады», - делінген құжатта.

Одан басқа, еңбек нарықтарының бірігуі жағдайында саланың кадр персоналын нығайту бойынша нақты ұсыныстар, медициналық қызметтердің импортын, атап айтқанда, еліміздің шекаралас өңірлерінде шектеу шаралары жасалатын болады.

Дереккөз: ҚазТАГ

4 тамыз 2015, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.