ZHEBE.COM «Шетелдіктер асырап алған балаларды бақылаудың қағидасы бекітілді» - Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілді.
AZATTYQ. ORG «АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді» - АҚШ Украинадағы дағдарысқа қатысты Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізді. Тізімге енгізілгендер арасында бұрынғы украиналық шенеуніктер, ресейлік миллардер және Қырымдағы теңіз порттарына иелік ететін компаниялар бар.
«Сөзі үзілген құқық қорғаушы не демек болды?» - «Қамқорлық» қоғамдық ұйымының жетекшісі Евгений Цай Азаттыққа Орталық коммуникациялар қызметінде айтып үлгермеген мәселесі жайлы баяндады. Оның брифингі тікелей эфирде үзілген еді.
ABAI.KZ. «Қазақ арақ ішкенді қашан қояды?» - Ұлыбританиялық IWSR (халықаралық шарап пен спирттік ішімдіктер нарығын зерттеу ұйымы – ред.)ұйымы 2013 жылы арақ ішу жөнінен Қазақстан бесінші орынға шыққаны туралы осыдан екі жыл бұрын ақпарат таратқан еді.
«Билік кімді аңдиды? кімнен қорқады?» - Осыдан он күн бұрын «Қазақстан Республикасы қашықтықтан бақылау аппаратына $1 млн жұмсады» деген ақпарат шықты. Өкінішке орай бұл ақпарат БАҚ тарапынан еш ескерілмей, архивке көміліп кете берді.
«Олимпиаданы алматыға артпаңыз, Thomas Bach мырза!» - ХОК шілденің 31 күні 2022 жылғы қысқы олимпиада Алматыда немесе Бейжіңдеөтетіні жайлы шешім шығарады.
BUSINESSNEWS.KZ «Олигарх С.Пугачев: Путинді билікке мен әкелдім» - Лондонда тұрып жатқан ресейлік банкир, магнат, бизнесмен Сергей Пугачев Financial Times басылымына сұхбат берді.