«ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында 122 мың тонна мұнай өндірді.
Өндіруші компанияның операциялық нәтижелері Қазақстан қор биржасы – KASE сайтында жарияланды.
Баспасөз бетшесінде хабарланғандай, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («Компания», «ҚМГ БӨ») 2015 жылдың бірінші жарты жылдығындағы операциялық нәтижелерді жариялайды. «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, ҚМГ БӨ 2015 жылдың алғашқы алты айында 6 122 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2014 жылдың осындай кезеңіндегіден 0,3%-ға артық.
«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 2 722 мың тонна (тәулігіне 111 мың баррель) өндірді, бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 1 385 мың тонна (тәулігіне 56 мың баррель) өндірді, бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда аздау. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 4 107 мың тоннаны құрады бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық.
ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2015 жылдың алғашқы алты айында 2 015 мың тоннаны (тәулігіне 83 мың баррель) құрады, бұл 2014 жылдың осындай кезеңіндегіден 3%-ға кем, және өндіру жоспарына сәйкес.
ӨМГ мен ЕМГ 4 162 мың тонна (тәулігіне 166 мың баррель) мұнай сатты, ӨМГ мен ЕМГ экспортқа мұнай сату көлемі 2 365 мың тоннаны құрады. Ішкі нарыққа 1 231 мың мұнай мен мұнай өнімдері сатылды. Оның 1 101 мың тоннасы Атырау мұнай өңдеу зауытына, 96 мың тоннасы Павлодар мұнай-химия зауытына жөнелтіліп, 34 мың тонна мұнай өнімдері ішкі нарықта сатылды.
Бұған қоса, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметаралық келісіміне сәйкес, өзара мұнай жеткізу шарттары бойынша Ресейге 566 мың тонна мұнай жөнелтілді. Ресей Федерациясына жіберілетін мұнай көлемін ҚР Энергетика министрлігі белгілейді. Компанияның пайымдауы бойынша, 2015 жылы ӨМГ мен ЕМГ ішкі нарыққа 2,3 млн тонна мұнай сатады.
ҚМГ БӨ-ге қарасты CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы сату үлесі компаниялардың жалпы сату көлемінің 45%-ын құрайтын, 889 мың тонна мұнайдың экспортқа жөнелтілгенін қоса алғанда, 1 977 мың тонна мұнайды құрады. Ішкі нарыққа 1 019 мың тонна мұнай жөнелтілді, оның 683 мың тоннасы Павлодар мұнай-химия зауытына, 225 мың тоннасы Шымкент мұнай өңдеу зауытына, 39 мың тоннасы Атырау мұнай өңдеу зауытына және 72 мың Ақтау битум зауытына жіберілді. Ресейге өзара мұнай жеткізу шарттары бойынша 70 мың тонна (тәулігіне 3 мың баррель) жөнелтілді
Дайындаған Сәуле ТАСБОЛАТОВА