«Ақ Жайық» газеті 12 шілде күні Атырауда 1 тамыздан бастап су тарифының көтерілуіне байланысты қала тұрғыны Талғат Аянның қарсылық білдіріп, жалғыз адамдық пикетке шыққаны туралы хабарлады. Ол мұны халыққа қарсы шешім деп есептейді. Осыған байланысты мен кезінде түрлі қоғамдық қызметтермен қатар халықтың коммуналдық-тұрмыстық жағдайын (су, газ, электрмен қамту) жақсарту бағытында жұмыс жасаған және осы салада кейбір жетістіктерге жеткен жиырма жылдық өтілі бар депутат ретінде, сондай-ақ ТМРАД-тың қоғамдық сараптама комиссиясының бұрынғы мүшесі ретінде келесілерді айтқым келеді. ТМРАД ақпараттарынан біз 1 тамыздан бастап судың текше метрі қарапайым халық үшін 101,3 теңге, заңды тұлғалар үшін 316,72 теңге болатынын білдік. Кәріз жүйесі қызметінің тарифі тұрғындар үшін әр «текшеге» 35 теңге, заңды тұлғалар үшін 151,98 теңге болады. ТМРАД тарифті 5 жылға, яғни, 2020 жылға дейін бекітті. Ал «Атырау Су Арнасы» (АСА) өтінімінде судың текше метріне 652,28 теңге салынған.
Енді тарифтің неден құралатынын қарайық.
Су тарифі – бұл «Атырау Су Арнасы» КМК-ның Жайық суын тазалау құрылғысына көтеріп, мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес оны тазалауға, тазаланған суды сәйкесінше қысыммен бірнеше жүздеген шақырым су құбыры желісі арқылы үйлерге, пәтерлерге, өнеркәсіптік немесе әлеуметтік-тұрмыстық нысандарға жеткізу шығындары.
Сонымен қатар, тарифке су көтеру және су тазалау құрылғыларын ұстау, жөндеу, реконструкциялау және су құбыры желісін пайдалану, су дайындау мен тұтынушыларға су жеткізудің технологиялық процестерін жетілдіру шығындары қосылады.
Осылармен қатар шығындардың көп бөлігін су көтеру, су тазалау, сорғы станцияларында тәулік бойы тұтынатын электр қуаты құрайды. Сондай-ақ, тарифте инвестициялық шығындар, ұжым жалақысына жұмсалатын қаржылар есептеледі.
Осы шығындардың барлығына «Атырау Су Арнасы» КМК әр текше метр (
Жоғарыда айтылғандардың негізінде АСА-ға тарифті көтергені үшін талап қою негізсіз деп есептеймін.
Ақиқатқа салыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Мәселен, Атырауда фирмалар ыдыстағы 19 литрлік суды 350 теңгеге сатады. Осылайша,
Біз БАҚ ақпараттарынан ТМРАД-тың су және кәріз жүйесі тарифінде АСА ие болатын табысты қарастырмаған. «АСА» тек кәсіпкерліктерінің арқасында, өндіріске бұрынғы қуат шығындылығы көп сорғылардың орнына қуат үнемдейтін сорғы жабдықтарын ауыстырып, су шығынын азайтатын жаңа технологиялар енгізу арқылы ғана қалыпты жұмыс жасап келе жатқанын білеміз. Ал қалаға жеткізетін ауыз су көлемін үнемі арттыруға тура келеді.
Атырауда су бағасы бәрібір ел бойынша ең арзаны болып қалып отыр. Оны ұқыпты және тиімді пайдалану қажет. Ал бізде бұл суды кәсіпкерлер мақсаттық нысанда емес, өз бизнесінің техникалық қажеттіліктері үшін пайдаланады.
«АСА»-ның инвестициялық бағдарламаларын орындауға мақсаттық дотация бөлу үшін Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы А. Жәкиевке, жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы (әкімдіктер) органдарға өтініш білдіру қажет деп есептеймін. Өмірімізді қамтамасыз етіп отырған осы кәсіпорынның аяғынан нық тұрғаны барлығымыз үшін де тиімді.
Қ. Әубекеров, зейнеткер