Маусымда «Атырау су арнасы» КМК (АСА) авангардтықтарға мамыр айының есепшотына жеке есептегіш бойынша әдеттегі тұтынылған текше метрге жеке және ортақ үйлердің есептегіштерінің көрсеткіштеріндегі айырмашылық бойынша әр пәтер үлесін төлеу сомасын қоса жолдады («АЖ», №24, 11.06.2015 жыл., «Авангард «ұжымдық жауапкершілікке» қарсы»).
Іс жүзінде тұрғындардан ресми тұтынылған су көлемі мен шығындарды төлеуді де талап етті. Тұрғындар қосымша төлем төлеуден бас тартты.
АСА өз талаптарын суды есепке алудың үйге ортақ аспабы арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерде міндетті түрде есепке алу қарастырылатын ҚР Су кодексінің 92-7 бабымен негіздеді.
«АЖ» өтінішімен қалалық прокуратура тексеру жүргізіп, АСА Авангард ықшамауданының тұрғындарын «қосымша текшелерді» күні бұрын төлеуге мәжбүр еткендігін анықтады («АЖ», №28, 9.07.2015 жыл., «Атырау Су Арнасы» асығыстық жасаған»). Өйткені ҚР Су кодексіндегі аталмыш бап 2015 жылдың 15 маусымында ғана пайда болды. Нәтижесінде «АСА» қазір Авангардтағы тұтынушылардан жалпы сомасы 1 559 248 теңге абоненттік төлемді қайта есептеуге мәжбүр. Бірақ бұл істі өзгертпейді. Шілдеден бастап авангардтықтар бәрібір су үшін жаңа сызба бойынша төлейтін болады. Ал жақында ғана журналистермен болған кездесуде «АСА» директоры Андрей ТАШЛЫКОВ 2015-2017 жылдары Атыраудағы көппәтерлі үйлердің барлығына үйге ортақ су есептегіштер орнатылатындығын және төлемақы Авангардтағыдай сызба бойынша алынатынын атап өтті. А.Ташлыков ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген «Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау әдістемесіне» сілтеді.
3-баптың 16-тармағында былай делінген: «Үйге ортақ есептеу құралының көрсеткіштері мен жеке есептеу құралының жиынтық көрсеткіштері және су тұтынуды пайдалану нормалары бойынша есептелген көлемдер арасындағы айырмашылықты пәтерлер, қоса салынған және жапсарлас тұрғын емес үй-жайларының иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлеміне тепе-тең мөлшерде төлейді».
«АСА» директорының орынбасары Гүлнәр ДОМБАЙ осы Әдістеме бойынша су тұтыну төлемін есептеу қалай жүргізілетінін түсіндірді: «Айталық, үйде 100 пәтер бар. 95 пәтерде жеке есептегіштер бар, ал бесеуінде орнатылмаған – онда бір тұрғыннан тіркелген. Есептегіш болмаған жағдайда пайдалану нормалары бойынша су үшін төлемақы есептеу тәуліктік нормамен – бір адамға
Әрі қарай үйдің ортақ есептегішіндегі көрсеткішті түсіру керек. Айталық, «жалпы» есептегіш 400 текше метрді көрсетті. Яғни, үйдің ортақ есептегішінің көрсеткіші мен бүкіл үй тұрғындарының тұтынған сомалық мөлшері 400 текше метр – 300,15 текше метр = 99,85 текше метрді құрайды.
Әдістеменің 3-бабының 16-тармағына сәйкес, бұл айырмашылықты пәтердің және тұрғын емес үй-жайлардың иелері төлейді.
Содан кейін осы айырмашылықтағы әр пәтердің үлесі пайыздық арақатынаспен анықталады:
Иванов 2/300,15 х 100 = 0,6%,
Петров 3/300,15 х 100 = 0,9%
Сидоров 5/300,15 х 100 = 1,66%
Есептегіші жоқ Поповта 10,03/300,15 х 100 = 3,31%.
Тиісінше, үйдің ортақ есептегішіндегі көрсеткіш пен бүкіл үй тұрғындары тұтынған судың сомалық мөлшері арасындағы айырмашылықтан пәтер үлесі анықталады:
Иванов 0,6% х 99,85 = 0,59 текше метр
Петров 0,9% х 99,85 = 0,89 текше метр
Сидоров 1,66% х 99,85 = 1,65 текше метр
Попов (есептегіші жоқ пәтер) 3,31% х 99,85 = 3,3 текше метр.
Көрсетілген көлемдер жеке есептегіштер көрсеткіші мен пайдалану нормаларына қосылады. Бұл соңғы кезең, содан кейін есепшот төлеуге жолданады:
Иванов 2 текше метр + 0,59 текше метр = 2,59 текше метр
Петров 3 текше метр + 0,89 текше метр = 3,89 текше метр
Сидоров 5 текше метр + 1,65 текше метр = 6,65 текше метр
Попов (есептегіші жоқ пәтер) 10,3 текше метр + 3,3 текше метр = 13,6 текше метр.
Осы жерден есептегіші жоқ пәтерлердің тұрғындары есептегіші бар көршілерінен анағұрлым көп төлейтіндігі көрініп тұр».
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ