Атырау, 28 қараша 19:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сақ болыңыз, қауын шыбыны!

9 900 просмотра

Image 0Көкөніс маусымының қызуына байланысты Атырау қалалық агроөнеркәсіп кешеніндегі аумақтық инспекциясы қалалықтарға қырағы болып, өлкемізге қауын шыбыны сияқты зиянкес жәндіктердің кіруін болдырмауды сұрайды.

- Өлкемізде қауын шыбындары жоқ, алайда үлкен көлемде қауын мен қарбыз әкелініп жатқан оңтүстік өңірлерден еріп келу қаупі бар, - дейді инспекция жетекшісі Шолпан ЖҰМАХМЕТОВА. – Қауын шыбыны – денесі 4,5-6 мм болатын, алақанаттылар тұқымдастарына жататын жәндік. Негізінен ол жеміске, кейде қауын тұқымына түседі, қарбызды да бүлдіруге қабілетті.

Image 1

Қауын шыбыны көк өскіннің немесе жас жемістің ортасына ұрығын тастап кетеді. Үш-төрт күн өтткеннен кейін зиянкес жемістің мәйегіне өтіп, онымен қоректенеді. Құрттар 10 күнге жуық өмір сүреді. Қуыршыққа айналар алдында ол жемісті тесіп, жерге түсіп, 15 см тереңдікте топырақтың астына кіреді. 2-3 аптадан кейін қауын шыбындарының жаңа ұрпағы пайда болады.

- Қауын шыбыны көкөніс өсіретін шаруа қожалықтарына үлкен зиян келтіре алады. Егер оның жекеленген учаскелерде пайда болғанын уақытында байқамаса, келесі маусымда бүкіл егістікке жайылуы мүмкін. Бұдан кейін өнім аламын деп ойламаса да болады, - дейді Ш. Жұмахметова.

Атырау облысы аумағында қауын шыбыны соңғы рет Махамбет ауданындағы бір шаруа қожалығының жерінен байқалған еді. Сол кезде фермерлер барлық тиісті шараларды жасап, егістікті химикаттармен улаған-ды.

- Тек фермерлер ғана емес, қарапайым тұтынушылар да сақ болғаны абзал. Өйткені мәйектегі құрт тескен жер вирусты және жара ауруларының даму ортасы ретінде қызмет атқарады. Жемістің бүлінуінің алғашқы белгілерінің бірі – құрт түскен орында ұсақ бүртіктер пайда болады, - деп ескертті Ш. Жұмахметова. – Құрттардың дамуы нәтижесінде жеміс ішінен шіриді. Мұндай қауынды жемейсіздер, алайда оны жәй ғана қоқысқа лақтыра салуға болмайды. Қолдан келсе, жерге көмген дұрыс. Немесе бүлінген қауынды бізге, инспекцияға, әкелуге болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

20 шілде 2015, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.