AZATTYQ. ORG «"Бөлтірік бауыздағандарды" заңға тарту қиын» - Интернет қолданушылары апта басында тараған «бөлтірікті азаптап бауыздау» видеосының әлі анықталмаған кейіпкерлерін жазалауға шақырады.
«Тісі қағылған сотталушы шағым түсірмеген» - Семей колониясында түсірілген жантүршігерлік видеоның авторы делінген сотталушының жағдайы туралы қарама-қайша мәлімет түсті. Белгілісі, оның колония басшылығына «шағымы жоқ».
«Азияда ИМ қаупі артып келеді» - Батыс басылымдары «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының Азияға ықпалы күшейгенін талқылап, сөз бостандығы мен қауіпсіздік тұжырымдамасының арақатынасы жайлы пікір таластырады.
«Анатолий Тимощук: “Донбастағы жағдай украина футболына да әсер етті"» - 2013 жылғы УЕФА чемпиондар лигасының жеңімпазы украиналық футболшы Анатолий Тимощук Азаттыққа сұхбатында алматылық «Қайрат» клубын таңдау себебін және Украинаның шығысындағы оқиғаның сол елдегі футболға әсері жайлы айтты.
«Шыңжаң ұйғырларына ұмыт болмас Рамазан айы» - Қытай мұсылмандары үшін тосын жаңалықтарға толы Рамазан айы да аяқталып келеді. Ресми биліктің Шыңжаңда ұйғырлардың ораза ұстауын шектеуі бұл мәселеге әлем назарын аудартты.
ABAI.KZ. «Қажетті, қажетсіз және ұят» - Әдеби апталығымыз – «Қазақ әдебиеті» гәзетінің 3-нші шілде күнгі санынан қаламдас інім Алмас Нүсіптің «Шөлден өлу мен ұяттан өлу» мақаласын оқып шығып, екідай күй кештім: біріншісі: шындық шіркіннің әдеби ортаға да ауадай қажеттігі; екіншісі: шындық шіркіннің қашанда қажеттісі бары, қажетсізі бары.
JAQSY.KZ «Овертон терезелері» - «Барлық штаттарда біржыныстылардың неке қиюына рұқсат». АҚШ мемлекеті осындай заң қабылдады. Ау, бұларың не? «Өзің секілді еркекке асылу ауру адамның ісі» деп қарсы уәж айтсаң, саған барлығы жабыла кетеді. Ауру олар емес, мынау сен!
ALASHAINASY.KZ «ДСҰ - Қазақстан экономикасы үшін бәсекелестіктің жаңа сатысы» - Биылғы жылдың желтоқсанында Қазақстан бүкіләлемдік сауда жүйесін түзіп отырған Дүниежүзілік сауда ұйымына толыққанды мүше болады.