AZATTYQ. ORG «"Жол жүру" ережесіндегі өзгерістер» - 13 шілдеден бастап «жол жүрісі» заңындағы кейбір өзгерістер күшіне енді. Ішкі істер министрлігінің өкілі осыған орай Азаттыққа түсінік берді.
«Полицейлер ісі сотқа бір жылдан соң жетті» - Қарағанды облысында мүгедек адамды азаптады деп айыпталған бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты сот ісі басталды. Сотталушылар бұрын айтқан сөздерінен бас тартып, куәгерлер түсініктемесін өзгертіп жатыр.
«Құрманғазы-Пушкин постері үшін елден кеткен» - Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрған суретін салғаны үшін айыпталған Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінің директоры Дария Хамитжанова қазір Киевте тұрады.
«Орысша айтылған қазақ әнұраны дауға ұласты» - «Бір елдің гимнін өзге елдің тіліне аударуға бола ма, болмай ма» деген мәселе соңғы бірер күнде әлеуметтік желілерде жиі талқыланды. Бұл әрекеттің лингвистикалық қыры да, заңдық жағы да сөз болды.
«Серік Ахметов пен 21 шенеуніктің ісі сотқа берілді» - Экс-премьер, бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметовпен қоса Қарағанды облысы экс-әкімінің, Қарағанды қаласы экс-әкімінің және басқа да шенеуніктердің ісін тексеру аяқталып, сотқа тапсырылды.
ZHASALASH.KZ. «Ресей зымырандары Жер Анамызды қорлауда» - Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауына айналған “Байқоңыр" ғарыш айлағы 6717 шаршы шақырым аймақты алып жатыр.
«"Қазақмыстың" тамағын менсiнбеген қытай қазаққа қол көтердi» - Өткен аптаның соңында, яғни 8 шiлдеде Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кенiшiнде қазақ-қытай жұмысшыларының арасында төбелес болды.
«Дәлелденбеген қылмыс» - Мұсаев пен Кошляк босатылды. «Банкирлердi өлтiрген кiм?» деген сұрақ жауапсыз қалды.
«Модидың таңданысы және “мобильный" болудың сыры» - Өткен аптада елiмiзге Үндiстанның премьер-министрi Нарендра Моди ресми сапармен келген-дi.
JAQSY.KZ «"Қазақ хандығы": сөреден шықпай жатып сүріну» - "Қазақ хандығы" сериалын түсіру неге созбалақтанып, сиырқұйымшақтанып кетті? Уақыттың аздығы? Тарихтың "көптігі"? Шынайы мүмкіндіктеріміз қандай? Бізге қандай кино керек?
ULT.KZ «ЭКСПО-ның ақшасын Вера жеген жоқ па?» - Алдағы – екі мың он жетінші жылы Астанада болады деп жоспарланып отырған ЭКСПО халықаралық көрмесінің қазақ елін банкротқа отырғызуы әбден мүмкін.