Атырау, 28 қараша 18:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сушылар тарифты 10 есеге дейін өсіруді сұрады

2 296 просмотра

Image 0

13 шілдеде «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында «АтырауСуАрнасы» КМК (АСА) қызметі тарифтерін арттыру туралы баспасөз конференциясы өтті.

Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Әлсейіт САБЫРОВ «АЖ» жариялаған Су жартылай қымбаттады» мақаласын қараңыз) ақпартаттарды қайталады: 1 тамыздан бастап құбыр суы тұрғындар үшін 68,28 теңгеден 101,33 теңгеге, басқа тұтынушылар үшін 189,7 теңгеден 316,72 теңгеге қымбаттайды. Кәріздік жүйе қызметі тарифі де өсті: тұрғындар үшін бір «текше» 31,39 теңгеден 35 теңгеге және басқа тұтынушылар үшін 122,12 теңгеден 151,98 теңгеге қымбаттайды. Сондай-ақ, Ә. Сабыров АСА КМК-ның су бойынша тарифты бір текше метр үшін 652,28 теңгеге дейін, кәріз бойынша 148,30 теңгеге көтеруге өтінім бергенін айтып кетті.

«Атырау Су Арнасы» өз қызметтері бағасын өсіргенде барлығы қанша табыс көреді? Бұл баптар қандай шығындарға жұмсалады? Жалпыүйлік есептегіштер салына ма? – Біз осы сұрақтарды АСА директоры Андрей ТАШЛЫКОВҚА қойдық. Ол келесідей жауап берді:

- Біз ешқандай табыс көрмейміз. Табыс кірістер сомасынан шығындарды алып тастағанда ғана болады. АСА активтерінің құны 19 млрд теңгені құрайды. Мәселен, табыс мөлшерлемесін 10% мөлшерінде алайық, яғни, АСА-ның жиынтық табысы жылына 1,9 млрд теңгені құрайды. Мұның орнына біз «0» деген цифрға иеміз. Көрсетілген тарифте 2015, 2016, 2017 және 2018 жылдарда табыс қарастырылмаған. Сәйкесінше біздің шығындарға жұмсайтын ештеңеміз жоқ. Алайда өткен жылдардағы қуатты көп жұмсайтын сорғы жабдықтарын ауыстыру бойынша әрекеттеріміздің арқасында кейбір қаражаттарды үнемдеуді жоспарлап отырмыз. Сол жабдықтарды қолдана отырып, біз алға қарай да шығындарды азайтатын іс-шараларды жүзеге асыратын боламыз.

Су бағасын бір текшеге 101,33 теңгеге дейін көтеру бізді құтқармайды, біз өзіміз жоспарлаған жаңа технологияларды енгізе алмаймыз, өйткені ТМРАД бекіткен тариф бізге Заң белгілеген табыс пен амортизациялық шегерілімдерді бере алмайды. Заңнамаға сәйкес, біз осы көздерден ғана өз активтерімізді жаңалап, инвестиция тарта аламыз.

Жалпыүйлік есептегіш аспаптарға келетін болсақ, біз бұларды 2015-2017 жыл аралығында барлық үйлерге орнатуымыз қажет. Атырау қаласында мыңнан аса көппәтерлі үйлер бар, осылардың барлығында да жалпыүйлік су есептеу аспаптары болады.

Ә. Сабыров метрлік нормаларды дұрыс түсінуге шақырды: 1 текше метрде 1 000 литр су бар, яғни, жаңа тариф бойынша 1 литр су 10 тиыннан аспайтын болады.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мереке ЖАҢБЫРБАЕВ мемлекет коммуналдық қызметке төленетін шығындары жиынтық табыстарының 5%-нан асатын аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйлік көмек беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Атырауда мұндай 383 отбасы бар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

13 шілде 2015, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.