ALASHAINASY.KZ «Таяу Шығыста Күрдістан құрылуы мүмкін» - Сирия жерінде жаңадан Күрд мемлекеті құрылуы мүмкін. Кейбір сыртқы күштер бұған мүдделі. Бұл жөніде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеме жасап, Таяу Шығыста Күрдістан мемлекетінің құрылуына қарсы екенін айтты.
«Грек дағдарысы Қазақстан экономикасына әсер ете ме?» - Грекияның жағдайынан кейін қаржылық саясат қайтадан өзгереді. Оның салқыны біздің экономикамызға да тиюі ғажап емес.
AIKYN.KZ «Жастардың ана тілді үйренуіне мүмкіншілік жоқ» - Жастардың ана тілді үйренуіне мүмкіншілік жоқ Еуропада тұратын қазақ ұлттық мейрамдарды дәстүрге сай етіп өткізуге тырысатындарын айтады. Этникалық қазақ, Қызырхан Шолпан Азаттыққа Еуропадағы қандастарының тұрмысы жайлы да айтты.
AZATTYQ. ORG «Сарапшы: “Қысым күшейген сайын радикалдану арта береді"» -Варшавадағы Шығыс зерттеулер орталығының сарапшысы Йозеф Ланг Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы діни ахуал туралы да айтты.
ABAI.KZ. «Сирия сценариінің құрбандары немесе соқыр сенімнің салдары» - Қоғамда өз орнын таппай, жұмыссыз жүріп, психологиялық дертке ұшыраған, отбасында өзіндік орны жоқ кейбір жандар дұрыс діни ақпарат алмай, оғаш әрекеттерге жол беруде.
«Қытай ұйғырларға шынымен зорлық көрсетіп жатыр ма?» - Бейжің билігіндегі Шыңжаң Ұйғыр Автономиясында ғұмыр кешіп жатқан ұйғырларға Түркия аса алаңдаулы. Рамазан айында Шығыс Түркістанға Түркияның назары тіпті де қатты ауа бастады. Қытай үкіметінің мемлекеттік қызметтегі шыңжаңдықтарға ораза ұстауына тиым салуы және 18 жасқа толмағандарға мешітке кіруін шектеуі, сондай-ақ ерлердің сақал қоюы мен қыздардың орануына шек қойылуы Түркия халқының наразылығын тудыруда.
JASQAZAQ.KZ. «Өз ағам тепті өзектен, тарқар ма тағы тез өкпем?» - Өзбек шекарашыларынан зардап шегіп отырған тек қазақ емес. Қырғыз бен тәжік азаматтары бейбіт күнде ажал құшып жатады. Аймақтағы елдердің сыртқы саясат мекемелері мұндай бассыздыққа жол бермеудің тетігін қалыптастыруы тиіс.
ZHASALASH.KZ. «Шындық экспедициясы» анықтаған шындықтар» - «Шындық экспедициясы» өз жұмысын қорытындылап, бiраз жайттың бетiн ашты.
«Сайлауда берiлген дауыс – ұлт болып қалыптасқанды бiлдiрмейдi» -«Қай ұлтқа қатысты сөз болып отырғанын елбасының өзi нақты айтпады. Тыңдап отырып, мен де толыққанды түсiнбедiм».
«Алаңда атылған оқ талай жастың тағдырын талқан еттi» - «Иә, қысым жасалды. Жауап алған кезде жанымда төрт-бес тергеушi отырады. Үстелге тапаншасын шығарып қойған».
«Өтiрiк пен көпiрiк» - Туған күн алдындағы көтерiңкi көңiл-күйдiң әсерi ме, әлде қарттықтың қылаң берген белгiсi ме, әйтеуiр қазақ басшысы “көкейiнде бұғып" жатқан бiраз дүниенi сыртқа шығарды.