Атырау, 19 желтоқсан 20:24
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақ “жиһадшылардың" өлі-тірісі белгісіз». «Тағы бір міндетті зейнетақы жарнасының дауы». «Сыртқы саясат соқпақтары». «Белгісіз дерт Баянауылға келіп жүрмесін!». «Келімбетов қай елде өмір сүреді?». «Ұлттық мүддесіз ұсақ мәміле кімге керек?».

2 184 просмотра

AZATTYQ. ORG «Қазақ “жиһадшылардың" өлі-тірісі белгісіз» - Сирия мен Ирак аумағына кеткен Қазақстан азаматтарының кейбірі «қаза болды» дейтін түрлі хабар шыға бастады. Ресми билік оны құпия ақпарат санайды, ата-аналары ол жөнінде айтуға құлықсыз.

«Цифрлық зерттеу Украинадағы соғыс шындығын ашты» - Ресей президенті Владимир Путин «Украинадағы ұрыстарға еш қатысымыз жоқ» дегенді жиі қайталайды. Цифрлық сараптамамен айналысатын зерттеушілер тобы «Путин өтірік айтады» дейді.

«Тағы бір міндетті зейнетақы жарнасының дауы» - Қазақстандық жұмыс берушілерді қызметкерлер жалақысының бес пайызын зейнетақы қорына аударуға мәжбүрлеуі мүмкін.

«ИМ-нің қазақстандық содыры төлқұжатын өртеді» - Өзін «қазақстандықпын» деген «Ислам мемлекеті» (ИМ) террорлық ұйымы содыры әлеуметтік желіде өзінің қазақстандық төлқұжатын өртеп тұрған суретін жариялады.

ABAI.KZ. «Сыртқы саясат соқпақтары» - Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жеңістері мен татқан жемістерінің баршасының басты кепілдерінің бірі – сыртқы саясатымыздың сарабдалдығы.

«Школьник пен Исекешев отставкаға кетсін!» - Астана қаласында киік пен малдың қырылу себебін анықтауды мақсат еткен «Шындық экспедициясы» өзінің тоғыз күнге созылған жұмысын қорытындылайды.

«"Қарызды сатып" халықты қақсатқан банктерге тәк-тәк керек» - Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров бастаған Парламенттегі Қазақстанның халықтық коммунистер партиясы фракциясының мүшелері Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетовке ерекше сауал жолдады.

ULT.KZ «Исатай батырдың Қарақұм қонысы жайлы билігі» - Жем өзеніменКаспий теңізіарасындағықазіргіЖылойөңірінде Қарақұмдегеншөбішүйгін, табиғатыбай, қысы жылы,жазыжаңбырлыөңірбар.

«Белгісіз дерт Баянауылға келіп жүрмесін!» - Кейінгі жылдары еліміздің әр аймағында пайда болған жұмбақ жағдайлар қоғамды барынша алаңдатуда. Және осындай түсініксіз құбылыстарға бүгінгі ғылым жауап беруге дәрменсіз болып отыр. Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы Березовка, Ақмола облысындағы Қалашы ауылдарында болған жағдайдан оқырмандар құлағдар.

«Кәсіпкерлер тығырыққа тірелді, ал Ұлттық банк асығар емес…» - Қазақстандық кәсіпкерлер үшін қазіргідей қысылтаяң кезең оңай тиіп тұрған жоқ. Ресей рублінің құнсыздануы отандық тауар өндірушілерге едәуір салқынын тигізді.

«Досай Кенжетай: “Жихад дегеніміз – исламдағы ең қасиетті ұғым…"» - Соңғы бірнеше күн аясында халықаралық діни экстермизм туралы да, сонымен бірге «Ислам мемлекеті» деп аталып кеткен халықаралық лаңкестік ұйым туралы да еліміздің үкіметі, оның ішінде еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Нұртай Әбіқаев ресми түрде мәлімдемелер жасады.

QAZAQUNI.KZ «Келімбетов қай елде өмір сүреді?» - Bloomberg бізге күлген шығар. Ағылшындар ақымақ емес қой. Дәл осы басылымға Қазақстанның Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов сұхбат берген.«Қазақстанды Орта Азияның Сингапурына» теңеп…

«Ұлттық мүддесіз ұсақ мәміле кімге керек?» - Ақпарат кеңістігіне ақыл-кеңес беруші бір іргелі ұйымның құпия-тұжырымдары тарап кетті. Тұжырымдардың тоқетері – Қазақ елінің алдымыздағы 5-10 жылдық сыртқы саясатының даму бағыттарын таяуда жаңадан тағайындалатын Сыртқы Істер министрі айқындайды-мыс.

«ҚазҰУ-дағы былыққа кім жауапты?!.» - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің басшылығы зар илеп жүрген студенттердің өзін күдіктілерге балайды. Айтуларынша, білімгерлер қап қаражатты жымқырған есепшілерге сыбайлас болған.


3 шілде 2015, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.