Атырау, 11 наурыз 11:07
 ашықВ Атырау +7
$ 494.84
€ 537.40
₽ 5.58

«Қатаң үнемдеу саясаты – халықты қинаудың 101-шi қадамы». «"Шпигель" шығарған шуды өзге БАҚ iлiп әкеттi».«Орыс зиялылары сияқты билiктiң бетiн қайтара бiлейiк». «ҰҚК белсенділерді “орыс ұлтшылы ісіне" қатысты шақырған».

2 166 просмотра

TURKYSTAN.KZ «Мұстафа Шоқайды білмейтін Мәслихат депутаттары» - Еліміз тәуелсіздік алып, әлемге толық таныла бастағанына ширек ғасырдай уақыт болса да, бүкіл түркі халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқайды біле бермейтіндер қатары әзір аз емес.

ZHASALASH.KZ. «Орыс зиялылары сияқты билiктiң бетiн қайтара бiлейiк» - Ресейде “Забайкальский край" деп аталатын үлкен өлке бар. Бұл өлкенiң әкiмшiлiк орталығы – Чита қаласы. Мiне, осы өлкеден жақында ғана Қытайдың “Хуаэ Синьбан" дейтiн компаниясы 115 мың гектар жердi жалға алды. 49 жылға.

«Қатаң үнемдеу саясаты – халықты қинаудың 101-шi қадамы» - Осы жылдың басында Н.Назарбаев “қатаң үнемдеу саясатына көшемiз" деп мәлiмдеген едi.

«"Шпигель" шығарған шуды өзге БАҚ iлiп әкеттi» - Герхард Шредер бастаған немiстiң көрнектi саясат­керлерiнiң Қазақстанның жағымды имиджiн ақшаға қалыптастырып, Н.Назарбаевтың Еуропадағы лоббисте­рiне айналуын Германияның Spiegel журналы егжей-тегжейлi жазды. Бұл оқиғаны Еуропа мен Ресейдiң ақпарат құралдары iлiп әкеттi.

«Нұремшi» - Емшiлiк қасиет бiреулерге қанмен берiледi. Яғни, ата-бабасынан дариды. Ендi бiреулерге бала күнiнде қонады.

«"Экспо-2017": тағы да тұтқындау» - Төрағаның iзiн ала атқарушы директор да ұсталды.

AZATTYQ. ORG «Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі және ЕЭО шарты» - Сарапшылар Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі ел экономикасына қалай әсер ететінін, бұл ұйымның шарты Астананың басқа көршілерімен бірге құрған одақтарының талабына сай келер-келмесін талқылады.

«ҰҚК белсенділерді “орыс ұлтшылы ісіне" қатысты шақырған» - Өткен демалыс күндері бірнеше азаматтық белсендіні ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) шақыртқан. Олардың кейбірі тергеуге Ресейдің ФСБ қызметкерлері қатысқанын айтады.

23 маусым 2015, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.