AZATTYQ. ORG «НАТО-Ресей шарты келмеске кетті ме?» - Ресей Украинаға соқтығуын қояр емес, ал АҚШ Шығыс Еуропаға танкілері мен ауыр қару түрлерін қайта орналастыруы мүмкін. Осыған қарағанда қырғиқабақ соғысқа нүкте қойған НАТО-Ресей келісімі күшін жойды деуге болатын сияқты.
«Тәжік-ауған шегінде мыңнан аса содыр жүр» - Тәжікстан шекара әскері басшысы тәжік-ауған шекарасында мыңнан аса содырдың шоғырланып тұрғанын хабарлады. Солардың арасында»Ислам мемлекеті» террористік ұйымы мүшелері де бар екені айтылады.
«Параға бола сотталған экс-генерал ауруына бола босап шықты» - Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Бағдат Майкеевті түрмеден босатқаны жарты жылдан кейін белгілі болды. Оны сырқатына байланысты еркіндікке шығарған.
«Сарыағашта айыпталған адамға үкім шықты» - Оңтүстік Қазақстан облысы Ынтымақ ауылының тұрғыны Бақытжан Артықовтың өліміне айыпты деп танылған Навмидин Нарметов 18 жылға сотталды.
TURKYSTAN.KZ «Мәрт» - Өмірде бәрі өтеді-кетеді. Қалатыны – өмірлік өнеге, өшпес із, ұлағатты үлгі. Өнегелі іс өмірдің баянды бір болмысы десек те, елдің есінде қалатынды екінің бірі жасай алмайды, намысшыл, ақжүрек, азаматтығы биік, арлы жан ғана жасай алады.
ABAI.KZ. «Сүлеймен Демирель өмірінің шындығы» - Түркияның 9-президенті Сүлеймен Демирель кеше, 17 маусымда Анкарада 91 жасқа қараған шағында дүние салды. Ол Түркия тарихында Ісмет Инөнү мен Режеп Таиип Ердоғаннан кейінгі ең ұзақ уақыт премьер-министр болған адам. 40 жылдық саяси өмірінде ол, түрік саясатының қалпақты «әкейі» ретінде есте қалды.
QAZAQUNI.KZ «Екі жылдан соң Қазақстандағы базалық зейнетақы мөлшері өзгереді» - Елімізде базалық зейнетақы мөлшері екі жылдан кейін күрт өзгереді. Жаңа енгізілімдер еңбек өтілі 20 жылдан асқан азаматтарға қатысты болмақ.